The website color
Distance between letter distance
Images
24.11.2017

Мәжілістің Бюро отырысы өтті


Астана. 24 қараша  Мәжіліс үйі. Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің Бюро отырысы өтті.

Ол бойынша алдағы сәрсенбіде депутаттар бірқатар заң жобаларын бірінші оқылымда қарайтын болады.  Атап айтар болсақ, ол құжаттар жер қатынастарын реттеу туралы, сондай-ақ, баланың құқықтарын  қорғау  жөніндегі функцияларды  жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша түзетулерге қатысты болмақ.

 Сонымен қатар, халық қалаулылары осы күні мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заң жобасы бойынша өзгерістер мен түзетулерді екінші оқылымда талқылайды деп күтілуде.

Жалпы отырыста Палата Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ арасындағы Солтүстік және Орталық Азия үшін Субөңірлік бөлімшеге арналған әкімшілік және қаржылық рәсімдерге қатысты келісімді және Вьетнам Социалистік Республикасымен ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы заң жобаларын жұмысқа алатын болады.

(Мәжілістің Баспасөз қызметі)

 

 

 

 

 

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan