The website color
Distance between letter distance
Images
24.04.2018

Мәжіліс Төрағасының орынбасары В. Божко Ресейлік және Норвегиялық Парламент өкілдерімен кездесті


Астана, 24 сәуір, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Төрағасының орынбасары Владимир Божко Сергей Железняк бастаған «Единая Россия» партиясы делегациясымен кездесті.

Тараптар стратегиялық деңгейде қарқынды дамып келе жатқан қос мемлекеттің өзара тату әрі достық әріптестігіне баса назар аударып, екіжақты қатынасты одан әрі тереңдетудің басым бағыттарына тоқталды.

В. Божко делегация мүшелеріне Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынып жатқан ауқымды жоспарларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жолында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Әсіресе, президенттің бес әлеуметтік бастамасына ерекше көңіл бөлінді.

Кездесу кезінде халықаралық,  әлеуметтік-экономикалық, мәдени байланыстар төңірегінде әңгіме өрбіді.

Осы күні Мәжіліс Төрағасының орынбасары Норвегия Стортингінің Сыртқы істер және қорғаныс жөніндегі Тұрақты комитетінің төрайымы Анникен Хютфилдпен кездесті.

Бүгінде екі ел арасындағы саяси үнқатысу, өзара іс-қимыл барлық салада тұрақты дамып келеді. В. Божко көптеген халықаралық және аймақтық мәселелер төңірегінде Қазақстан мен Норвегия ұқсас ұстанымға ие екендігін айтты. Сондай-ақ, «Қазақстан-Норвегия» достық тобы аясында парламенттік ынтымақтастықты тереңдету арқылы, екіжақты қатынасты жан-жақты нығайтудың мүмкіндігі зор екенін атап өтті.

А. Хютфилд өз кезегінде бұл кездесу елдер арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамытуда жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын жеткізді.

Айта кетейік, бұл норвегиялық Парламент өкілдерінің біздің еліміз Парламентіне алғашқы сапары.

Шараға Халықыралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Ерман және Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Дархан Мыңбай қатысты.

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі )    

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan