The website color
Distance between letter distance
Images
11.11.2019

Мәжіліске Халықаралық валюта қорының Қазақстандағы миссиясы басшысы келді


 

                Нұр-Сұлтан, 11 қараша, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжілісте Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Ерман Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша Халықаралаық валюта қоры миссиясының басшысы Марк Хортонмен кездесті.

                Кездесу барысында қаржы секторын және экономиканы дамытуға қатысты мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, Алматы қаласында ХВҚ-ның Орталық Азия, Кавказ және Монғолия елдеріне аймақтық техникалық қолдау орталығының ашылуына баса назар аударылды.

                «Бұл таңдау еліміз үшін маңызды оқиға болды», - деді М.Ерман.

                Өз кезегінде, мейман еліміздің экономика көрсеткіштерін , әсіресе мұнай емес секторындағы, және Қазақстанның аймақтағы елдермен қатынастардың серпінін ерекше атап өтті.

 

                (Мәжілістің баспасөз қызметі, 74-63-04. Суретті түсірген – Жаслан Құспанов).

 

               

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan