The website color
Distance between letter distance
Images
07.05.2020

Н. Нығматулин қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады


Нұр-Сұлтан, 7 мамыр, Мәжіліс Үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, бұл ерлік пен патриотизм мерекесі елімізде ерекше құрметпен атап өтілетінін айтты.

«Ұлы Отан соғысы жылдарында бейбітшілікті қорғаған ардагерлерімізге, басқа елдерде өзінің интернационалдық борышын орындаған жауынгерлерге, БҰҰ бітімгершілік миссияларына қатысушы әскери қызметшілерге шынайы алғысымызды білдіреміз.

Бүгінде жүздеген мың қазақстандық еліміздің барлық халқының тыныштығы мен әл-ауқатын қамтамасыз ете отырып, әскери бөлімшелерде лайықты қызмет атқаруда.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, еліміздің Қарулы күштері нығайып, бүгінде ол ұлттық мүдденің сенімді қорғаушысы және халықаралық қауіпсіздіктің жаһандық жүйесінің негізгі бөлігіне айналды» - деді, Мәжіліс Төрағасы.

Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин Қазақстанның бітімгершілік және жауынгерлік әлеуетін дамыту, кез келген қауіп-қатерлерге қарсы тұру қабілеті Мемлекет Басшысы Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саясатының маңызды бағыты болып табылатынын атап өтті.

Мәжіліс Төрағасы барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық, бақыт және амандық тіледі.

 

 (Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01, суретті түсірген Ж.Құспанов)


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan