The website color
Distance between letter distance
Images
15.01.2021

Балаим Кесебаева мен Павел Казанцев Мәжіліс Төрағасының орынбасарлары қызметтеріне сайланды


Нұр-Сұлтан, 15 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілістің VII шақырылым депутаттары жалпы отырыста Мәжіліс Төрағасы орынбасарлары қызметіне Балаим Кесебаева мен Павел Казанцевты сайлады.

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға сәйкес, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Палатаның вице-спикерлері қызметіне Балаим Кесебаева мен Павел Казанцевтың кандидатураларын талқылауға ұсынды.

Мәжіліс депутаттары кандидаттарды бірауыздан қолдады.

Балаим Кесебаева - заңгер, Әділет министрлігінде қызмет атқарған. Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы Әділет департаменттерін басқарған. Сонымен қатар, Мәжілістің VI шақырымында Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болды.

Павел Казанцев – Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің құрамында болды. «Nur Otan» партиясы жанындағы Партиялық бақылау комитетін басқарады. Сондай-ақ, П.Казанцевтің әкімшілік және партиялық жұмыста үлкен тәжірибесі бар.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01, суретті түсірген Ж.Құспанов).


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan