Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
12.04.2017

Мәжілісте: жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер таныстырылады


Астана, 12 сәуір,Мәжіліс Үйі.

Ертең, 13 сәуір, бейсенбі күні Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы жобасының тұсаукесері өтеді.

Жер қатынастарын реттеу мәселелеріне қатысты мәселе бойынша Ауыл шаруашылық министрінің орынбасары Ерлан Нысанбаев баяндама жасайтыны күтілуде.

Басқосуға парламентшілер, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдері мен ауыл шаруашылық өнімін өндірушілер, сарапшылар шақырылып отыр.

 

13 сәуірде сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Конференц-залында болады.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі