Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
13.04.2017

Мәжіліс Комитетінің төрайымы Британдық фракцияаралық парламенттік тобы төрағасының орынбасары кездесті


Астана, 13 сәуір. Мәжіліс Үйі.

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлнар Иксанова Әлемде туберкулезбен күресу бойынша Британдық фракцияаралық парламенттік тобы төрағасының орынбасары, Лордтар Палатасының мүшесі Баронесса Сатимен кездесті.

Мейманмен жүздесуінде парламентші Ұлыбритания Қазақстан экономикасындағы сенімді инвестор, сыртқы саясат пен экономикалық серіктес болып табылатынын мәлімдеді. Биылғы жылы қазақстан-британ арасындағы дипломатиялық қатынасқа ширек ғасыр толғанын атап өтті.

Кездесуде депутат британдық әріптесін Мәжілістің құрамымен таныстырып, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің жұмысын таратып айтып берді.

Британдық фракцияаралық парламенттік тобы төрағасының орынбасары басқосу барысында Әлемде туберкулезбен күресу бойынша атқарылып жатқан мәселелерге тоқталып, қазақстандықтардың туберкулезге қарсы күресте адамдарға көрсетіліп жатқан шараларымен танысты.

Тараптар екі жақтың мүдделеріне парламентаралық ынтымақтастықты кеңейтудің маңызы айырықша  екендігіне тоқталды.

Жүздесуге Мәжіліс депутаты, Палатаның Экологиялық мәселелер және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Құралай Қаракен мен туберкулез бойыншағаламдық кокустың Орталық Азия мен Еуропа бойынша аймақтық директоры Розанна Эленора Флюри қатысты.

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі