Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
14.04.2017

Бітімгершілік контингентін дайындау және «Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының іске асырылу барысы туралы» Мәжілістің көшпелі отырысы


Астана, 14 сәуір.Мәжіліс Үйі.

 «Бітімгершілік контингентін дайындау және «Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының  орындалуы барысы туралы»  мәселелер Алматы қаласында өткен Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысында қаралды.

Отырысты ашқан  салалық комитет төрағасы Мәулен Әшімбаев көтеріліп отырған тақырыптың өзектілігін, еліміздің 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелік шеңберіндегі басымдықтарын мәлімдеді.

Парламентші Қазақстанның халықаралық дәрежеде мойындалуы мен беделі біздің ҚР Президенті, Бас Қолбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында болып отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар шараның тағы бір маңызды жағы Қарулы Күштердің құрылғанына 25 жыл толған мерейтойы ып отырғанына сәйкес келуде.

Мәжілісмендердің алдында тиісті бөлімшелердің командирлері сөз алып, «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» оқу орталығының қызметі жайында баяндап берді.

Аталған орталықта қазақстандық әскери қызметкерлер тілдік және бітімгершілікке әзірліктен өтеді. Сондай-ақ, әскери медицина, минадан арылту мен радиациалық, химиялық, биологиялық қорғаныстар Орталықтары туралы да айтылды.

Көшпелі отырыста талқылауға қатысқан депутаттар әскерилерге бітімгершілік контингентінің қызметін заңнамамен қамтамасыз етуді жетілдіру, қызмет бабындағы әлеуметтік және медициналық аспектілер, бітімгершілік операцияларына қатысатын жеке құрамалардың тілдік әзірліктері жайында көптеген сұрақтар қойды.

Шара шеңберінде мәжілісмендер «Іле» оқу орталығына барды. Парламентшілерді қару-жарақтар, әскери техника мен қазақстандық бітімгершілердің киімімен таныстырды.

Депутаттар көшпелі отырыста айтылған ұсыныстарды тиісті заңнаманы жетілдіруді талқылау барысында назарға алатын болды. 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі