Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
03.05.2017

Мәжілісте кейбір конституциялық заңдарға өзгерістер таныстырылады


Астана, 3 мамыр. Мәжіліс Үйі. Ертең, 4 мамыр күні Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңжобасының тұсаукесері  болады.

Сағат- 10-00-да, Конференц-залда

Отырысты жұмыс тобының жетекшісі, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров жүргізеді.

Заңға қатысты жаңалықтармен ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев таныстырады.

Заң жобасының таныстырылымына мемлекеттік органдар мен парламенттік емес саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен саясаткерлер және сарапшылар шақырылды.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі