Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
03.05.2017

Мәжіліс: көміртегі нарығын дамытуды заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері - дөңгелек үстел


Астана, 3 мамыр.Мәжіліс Үйі.

Ертең, 4 мамыр күні сағат 11-00-де А-313 бөлмеде  Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Г.Щегельский «Қазақстанда көміртегі нарығын дамытуды заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбына дөңгелек үстел отырысын өткізеді.

 

 

Аталған отырысқа ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Мырзағалиев Мағзұм Маратұлы, Инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі Айдарбаев Алик Серікұлы, Әділет министрінің орынбасары Баймолдина Зәуреш Хамитқызы, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкi Директорының орынбасары, көміртектік нарығының дамуы, энерготиімділік пен климаттың өзгеруі бөлімінің басшысы Ван де Вен Ян-Вильям, DIW econ GmbH компаниясының сарапшысы Петра Опитц, «Атамекен» ҰКП, «Жасыл даму» АҚ өкілдері және басқалар шақырылды.

Еуропа Қайта Құру және Даму Банкi Директорының орынбасары, көміртектік нарығының дамуы, энерготиімділік пен климаттың өзгеруі бөлімінің басшысы - Ван де Вен Ян-Вильям, DIW econ GmbH компаниясының сарапшысы - Петра Опитц, «Жасыл даму» АҚ бас директоры – Қалиев Асқар Ғаниұлы, Климаттың өзгеруін тежеу бойынша USAID Қазақстандық бағдарламасының бас маманы Чередниченко Алексей Владимирович баяндама жасайтыны күтілуде.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі