Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
04.05.2017

Мәжілісте көміртегі нарығын дамытуды заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері талқыланды


Астана, 4 мамыр.Мәжіліс Үйі.

Бүгін Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Глеб Щегельскиидің жетекшілігінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асырудың екінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар  жоспарына сәйкес «Қазақстанда көміртегі нарығын дамытуды заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел болды. Оның жұмысын депутат Бақытгүл Хаменова жүргізді.

Аталған отырысқа ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Мырзағалиев Мағзұм, Инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі Айдарбаев Алик, Әділет министрінің орынбасары Баймолдина Зәуреш, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкi Директорының орынбасары, көміртектік нарығының дамуы, энерготиімділік пен климаттың өзгеруі бөлімінің басшысы Ван де Вен Ян-Вильям, DIW econ GmbH компаниясының сарапшысы Петра Опитц, «Атамекен» ҰКП, «Жасыл даму» АҚ өкілдері және басқалар қатысты.

Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы  Г.А. Щегельский атап өткендей, экономикалық өсім мен халықтың әл-ауқатын өсіру тапсырмасымен қатар шығарындылардың деңгейін төмендету бойынша мақсат тұр. Өйткені, осы мақсатқа жету ЭЫДҰ кіретін дамыған елдер «клубына» республиканың ілгерілеуін қамтамасыз етеді. «Жан басына шаққандағы ЖІӨ» көрсеткішін 2020 ж. қарай екі еселеу сценариі 2004 жылмен салыстырғандағы экономиканың көміртектік белсенділігінің 2 есеге азайуымен және жан басына шаққандағы парниктік газдар шығарындыларының жарамды (15-20%) өсуімен қатар жүреді.

Еуропа Қайта Құру және Даму Банкi Директорының орынбасары, көміртектік нарығының дамуы, энерготиімділік пен климаттың өзгеруі бөлімінің басшысы - Ван де Вен Ян-Вильям, DIW econ GmbH компаниясының сарапшысы - Петра Опитц, «Жасыл даму» АҚ бас директоры – Қалиев Асқар Ғаниұлы, Климаттың өзгеруін тежеу бойынша USAID Қазақстандық бағдарламасының бас маманы Чередниченко Алексей Владимирович баяндама жасап, өз көзқарастарымен бөлісті.

Дөңгелек үстел барысында: парниктік газдар шығарындыларына квоталарды сату жүйесі;

-    парниктік газдар шығарындыларын мемлекеттік реттеуді одан әрі жетілдіру;

заңнамаға климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша ережелерді енгізу бөлігінде өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды.

Анықтама: Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды сату жүйесі Қазақстан Республикасында 2013 жылдан бастап жұмыс істеуде және парниктік газдар шығарындыларын реттеу бойынша негізгі құрал болып табылады. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 8 сәуірдегі Заңымен жүйе 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін жетілдіру үшін тоқтатылды.

Квоталарды сату жүйесінің мерзімді іске қосылуы үшін, Энергетика министрлігімен парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу әдісін анықтау бойынша бірқатар қажетті жұмыстар жүргізілуде, сондай-ақ 2018-2020 жылдарға арналған Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлудің ұлттық жоспарын бекіту жоспарлануда.

 

Аталған тақырыпқа байланысты депутаттар да өз ойларымен бөлісіп, заңнамалық реттеуді қажет ететін мәселелерді шешуді ұсынды.

Отырыс жұмысының нәтижелері бойынша Комитет қорытынды жасап, тиісінше ұсынымдар қабылдайтын болады.

 

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі