Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
04.05.2017

Мәжілісте «Прокуратура туралы» заң жобасы таныстырылады


Астана, 4 мамыр.Мәжіліс Үйі.

Ертең, 5 мамыр күні Мәжілісте Палатаның Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіровтың қатысуымен «Прокуратура туралы» заң жобасы таныстырылады.

 

(Сағат 10-00-де, Конференц залда)

 

Ол – Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар кешені туралы» 2017 жылғы 13 наурыздағы № 437 Жарлығын орындау мақсатында әзірленген заң жобасы.  

Аталған Заң жобасын қабылдау міндеті Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясын қамтамасыз ету, сондай-ақ прокуратура қызметін жетілдіру болып табылады.

Модераторы: Арман Қожахметов – жұмыс тобының жетекшісі, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры орынбасары Андрей Кравченко баяндама жасайды.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі