Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
05.05.2017

Алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды


Астана. 5 мамыр. Мәжіліс үйі. Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы алдағы жалпы отырыстың күн тәртібін нақтылады.

Ол бойынша депутаттар  Азия Даму Банкімен Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын талқылайды.

Бұл ратификациялық құжат Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы шеңберінде «Ақтөбе - Мақат» автомобиль жолын реконструкциялау жөніндегі жобаға қатысты болмақ.

Сондай-ақ, жалпы отырыста Ресеймен авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобасы талқыланады.

Осы күні Палата жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша түзетулерге қатысты заң жобасын жұмысқа қабылдайды.

Ал, Қырғыз Республикасымен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, теміржол көлігі көрсететін қызметтерге қол жеткізуді реттеу тәртібін қолдану туралы келісімді, сонымен бірге, Өзбекстанмен Қазақстан-өзбек мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерi туралы келiсiмге 2006 жылғы  4 қыркүйектегі хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялауға қатысты заң жобалары бойынша бейінді комитеттерге корытынды әзірлеу мерзімі тағайындалмақ.

Мәжіліс Бюросында  2017 жылғы 19 – 20 мамыр аралығында Ақтөбе облысында Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысын өткізу туралы мәселе де назардан тыс қалмады.

 

 (ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі