Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
10.07.2017

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының Ақмола облысына іс сапары жалғасуда


Астана, 10 шілде, Мәжіліс Үйі. Ақмола облысын жұмыс сапарымен аралап жүрген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Майра Айсина, Сапархан Омаров, Михаил Чирков,Юрий Тимощенко, Мұрат Теміржанов, Сергей Звольский және Жанат Омарбекова өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі «Камаз Инжиниринг» зауытында болып, жұмысшылармен кездесті. Жұмыс циклымен танысқан халық қалаулылары зауыт инжинерлерімен және қатардағы жұмысшы мамандармен бірқатар мәселелерді талқылады.

Мәжіліс депутаттары өңірлерді аралау мақсатын түсіндіріп, өнеркәсіптің бірдіндеп дамуын, өңірдегі бұл кәсіпорынның орта және шағын бизнес мекемелерін тапсырыспен қамтамасыз етіп отырғандығын атап өтті.

«Біз бүгін кәсіпорынның жұмысымен танысып, жұмысшылармен сөйлестік.Оларды мазалаған сұрақтарына жауап бердік. Жұмыс істеу үшін бұл кәсіпорын қабырғасында барлық жағдай жасалған. Кәсіпорындағы орташа жалақы 140-150 мың теңгені құрайды. Бұдан өзге жұмысшылар үшін тегін медициналық қызмет көрсету белгілен»,- деді өз сөзінде Майра Айсина.

«Камаз-Инжиниринг» мекемесі Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобасы аясында ауыр жүк көліктерін шығаратын  өңіріміздегі ең ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады. Ресейдің «Камаз» АҚ және Қазақстандық «Камаз Инжиниринг» Ұлттық компаниясы бірлесіп, 2005 жылдан бері жүк көліктерін құрастырумен айналысуда.

Бүгінгі таңда кәсіпорын қабырғасында 200 ден астам адам еңбек етуде. Еңбек ұжымы қазақстандық «Камаз» модельдік қатарын қалыптастырып, шығаруға өз үлестерін қосқандығын мақтанышпен жеткізуде.

Сонымен қатар жұмыс барысында халық қалаулылары «Көкшетау автобус паркінде» болып, автобус жүргізушілері жанар-жағармай бағасының көтерілуі, автомобиль бөлщектерінің қымбаттауы мен жас отбасыларын баспанамен қамтамасыз ету мәселелерін көтерді.  өңірдің үкіметтік емес ұйымдарымен кездесу өткізді. Ұжымдық кездесулерге қатысқан Мәжіліс депутаттары бірқатар сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі таңда үлкен талқылауға ие болған Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын, бағдарламалық мақаласы мен медициналық сақандыру мәселесін түсіндіріп берді. Бұл күні партияның қоғамдық қабылдауында депутаттар азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.

 

Ақпаратты «Нұр Отан» партиясының мәліметі бойынша Парламент Мəжілісінің баспасөз қызметі таратып отыр – 74-63-05.


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі