Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
25.01.2018

Мәжіліске БҰҰ Тұрғын халық қорының Қазақстандағы өкілі келді


Астана, 25 қаңтар, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжіліске Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрғын халық қорының Қазақстандағы өкілі Джулия Валезе келді.

                Мейманмен Палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев кездесті.

                Депутат әйелдердің және жастардың сексуалды және репродуктивтік денсаулығын сақтауға және сау балалардың болу мүмкіндіктерін кеңейтетін БҰҰ-дың жетекші агенттігі ретінде Тұрғын халық қордың маңыздылығын атап өтті.

Алдағы серіктестікті талқылау барысында тараптар қордың еліміздегі ұлттық әріптестермен және басқа да даму агенттіктерімен орнықты қарым-қатынастары туралы оң пікір алмасты.

Кездесуде, сондай-ақ, Тұрғын халық қоры мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты, оның ішінде заңнамалық тұрғыда, одан әрі жалғастыру қажеттігі айтылды.

* Анықтама үшін: Қазақстанда БҰҰ Тұрғын халық қордың екі кеңсесі бар - 2009 жылы Алматыда ашылған Субаймақтық кеңсе Орталық Азияның 5 елін қамтиды: Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Қазақстан. Елдік кеңсе өз жұмысын 1992 жылы Алматыда бастады, ал 2017 жылы Астанаға көшті.

 

(Мөлдір Мұса, 74-63-04. Суретті түсірген – Жаслан Құспанов. Ақпаратты Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.) 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі