Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
25.01.2018

Нұротандық депутаттар Астана қаласында тарифтерді белгілеу бойынша ұсынымдар қабылдады


Астана, 25 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте депутат Серік Сейдмановтың төрағалық етуімен «Нұр Отан» партиясы Фракциясы жанындағы Өңірлік саясат және мәслихаттармен жұмыс жөніндегі кеңесінің «Астана қаласында тарифтерді белгілеу: проблемалары және шешу жолдары» тақырыбында отырыс өтті.

Кеңес отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин, Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов және басқа да тиісті мемлекеттік органдардың өкілдері баяндама жасады.

                2017 жылы қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламентінің алтыншы шақырылымының үшінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы заңнаманы және инвесторлар мен халықаралық қаржы институттарын тарту үшін тариф белгілеуді жетілдіру қажеттілігіне назар аударды.

Тұтастай алғанда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына инвестицияларды тарту бойынша ауқымды жұмыс 2015 жылдан бастап табиғи монополия субъектілерін 5 жыл және одан да көп қолданылу мерзімімен шекті тарифтер бойынша қызмет көрсетуге көшіру шеңберінде жүргізіледі.

Бүгінгі күні субъектілердің 95%-ы шекті ұзақ мерзімді тарифтерге (қолданылу мерзімі 5 жыл және одан астам) көшті.

Шекті тарифтерді бекітудің міндетті шарты инвестициялық бағдарламаның болуы болып табылады.

Субъектілердің инвестициялық бағдарламалары тиісті салалық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп бекітіледі.

Бекітілген шекті тарифтер шеңберінде табиғи монополиялар салаларында 2015-2021 жылдары инвестициялардың күтілетін көлемі 2,2 трлн. теңгені, оның ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына шамамен 855 млрд. теңгені  құрайды.

Сонымен қатар, Министрлік, оның ішінде халықаралық сарапшыларды тарта отырып инвестицияларды одан әрі тарту мақсатында тариф белгілеу әдістерін жетілдіру бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізеді.

Айталық, 2014 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі және Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасында ынтымақтастық туралы келісім жасалды.

ЕҚДБ жүргізген зерттеу нәтижесінде, халықаралық қаржы ұйымдарының инвестицияларын тарту мақсатында табиғи монополияларды реттеу туралы заңнамаға 2015 жылы Халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттеудің ерекше тәртібін қолдануды көздейтін өзгерістер енгізілді.

Астана қаласында сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін «Астана су арнасы» ШЖҚ МКК  көрсетеді.

2015 жылы «Астана су арнасы» ШЖҚ МКК 2016-2020 жылдарға арналған шекті тарифтерді бекітті.

2017 жылы «Астана-Энергия» АҚ 2018-2022 жылдар кезеңіне   арналған шекті тарифтерді бекітті.

«Астана-Энергия» АҚ-ның бекітілген тарифтер шеңберінде 4,871 млрд. теңге сомаға инвестициялық бағдарламалардың іс-шараларын іске асыру көзделген.

Астана қаласында жылу энергиясын беру және тарату жөніндегі қызметтерді «Астана-Жылутранзит» АҚ көрсетеді, оған 2015 жылы 2016-2020 жылдар кезеңіне арналған шекті тарифтер бекітілді. 

Бүгінгі күні 1 131,39 теңге/Гкал мөлшерінде уақытша өтемдік тариф ҚҚС-сыз қолданылады.

Астана қаласында жылумен жабдықтау қызметтерін «Астанаэнергосбыт» ЖШС көрсетеді.

Жылумен жабдықтау қызметтеріне шекті тарифтер 2015 жылы 2016-2020 жылдар кезеңіне бекітілді.

2016 жылы «АстанаГазҚызмет» ЖШС үшін 2017-2021 жылдар кезеңіне шекті тарифтер бекітілді.

Осы шекті тарифтер шеңберінде 7, 261 млн. теңге сомаға «АстанаГазҚызмет» ЖШС-ның инвестициялық бағдарламасының іс-шараларын іске асыру көзделген.

Сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада топтық резервуарлық қондырғылар арқылы өткізу қызметін «Астана қаласын орталық газбен жабдықтау» ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) көрсетеді, оның шекті бағасы 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап 280,6 (екі жүз сексен бүтін онан алты) теңге/текше метр бұрынғы қолданыстағы бағадан 19%-ға өсіммен 334,3 (үш жүз отыз төрт мың үш) теңге/текше метр деңгейде белгіленді.

Талқылау қорытындылары бойынша отырысқа қатысушыларымен бірге Кеңестің ұсыныстары әзірленеді.

 

(74-63-01, Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі, суретті түсірген Сайлау Майлыбаев).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі