Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
26.01.2018

Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заң жобасы - Мәжілістегі таныстырылым


Астана, 26 қаңтар, Мәжіліс үйі. Дүйсенбі, 29 қаңтарда, Мәжіліс депутаттарына Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң  жобасын таныстырады (сағат 15-00, А-309-каб., үшінші қабат).

Заң жобасы туралы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев баяндама жасайды. Іс-шараға дін өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен сарапшылар қатысады.

Заң жобасы бойынша жұмыс тобын Мәжіліс депутаты Мұхтар Ерман басқарады.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі