Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
29.01.2018

Мәжілісте медицина саласын цифрландыру мәселесі талқыланды


Астана, 29 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте вице-спикер Гүлмира Исимбаеваның төрағалық етуімен Үкімет сағат өтті. Онда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ержан Біртанов баяндама жасады.    

Шараны ашқан вице-спикер Гүлмира Исимбаева - Мемлекет басшысы өзінің  биылғы Жолдауында цифрлық технологиялар арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажет екенін атап өткендігін және денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін әзірлеу осыдан 13 жыл бұрын басталғанына баса назар аударды.

Цифрландыру бағдарламасы денсаулық сақтау жүйесін, үйге жедел жәрдем мен дәрігерді шақырудан бастап бүкіл профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтерді толық қамтуға тиіс. Бұл ретте, осы қызметтердің барлығы өзара байланысты болып,  бірыңғай республикалық ақпараттық жүйеге біріктірілуге тиіс. Осыны ескере келе, біз, ең алдымен, Елбасы тапсырғандай, денсаулық сақтау саласын цифрландыру арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттырып, халық үшін қолайлы медицина жасауға  тиіспіз – деді, вице-спикер Г. Исимбаева.

Отырыс барысында Е. Біртанов медицина саласын жетілдірудің шаралары туралы баяндады.

Үкімет сағатында одан әрі Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Хатшысы Бейбіт Мамраев баяндама жасады.  Өз кезегінде Мәжіліс депутаты қазіргі уақытта бүкіл елде онлайн режимде 22 ақпараттық жүйе жұмыс істейтінін, олар статистикалық ақпаратты жинауға және денсаулық сақтау секторын қаржыландыруға арналғанына тоқталды. Бірақ, басты мәселе олар орталық органдардың базасымен, сондай-ақ бір-бірімен біріктірілмегенін айтты. Сондай-ақ, отырыста депутаттар медицина саласындағы көптеген өзекті мәселелерді көтеріп, олырдың шешілу жолдарын ұсынды.

Сондай-ақ, отырыс барысында депутаттар медицина саласындағы күрделенген мәселелерді көтеріп, сұрақтар қойып, ұсыныстарын білдірді. Өз кезегінде министр Е. Біртанов депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, түсіндірме берді.

Жиналысты қорытындылаған вице-спикер Гүлмира Исимбаева ұсыныстарды тұжырымдап, Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетіне  беруді тапсырды.

Сондай-ақ, Үкімет сағаты аясында Мәжілісте көрме ұйымдастырылды.

 

(74-63-01, Мәжілістің баспасөз қызметі, суретті түсірген С. Майлыбаев).

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі