Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
29.01.2018

Мәжіліс газ және газбен жабдықтау туралы депутаттық заң жобасын түзетулермен таныстырады


Астана, 29 қаңтар, Мәжіліс үйі. Сейсенбі, 30 қаңтарда Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының таныстырылымын өткізеді.

Заң жобасына Мәжіліс депутаттары Б. Ізмұхамбетов С. Щегельский, Ж.Нұрғалиев газ және газбен жабдықтау саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ оны құқықтық қолдану барысында айқындалған құқықтық олқылықтарды жою мақсатында бастамашылық жасаған.

 Таныстырылымға Мәжіліс депутаттарымен қатар мемлекеттік органдар, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Кazenergy» және Қазақстанның отын қауымдастықтары, сондай-ақ, газ өндірушілердің, газ-желілік ұйымдардың, газ құю станцияларының, газ және газбен жабдықтау саласында қызметті жүзеге асыратын басқа да мүдделі субъектілердің өкілдері қатысады.

 

Таныстырылым сағат 16:00-де Мәжілістің конференц-залында басталады.

 

(74-63-01, ақпаратты Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі таратты).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі