Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
29.01.2018

«Тәуелсіздік дәуірі» - біздің заманымыздың шежіресі» (Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың кітабын талқылауға арналған ҚХА депутаттық тобының отырысы)


                Астана, 29 қаңтар, Мәжіліс үйі. «Тәуелсіздік дәуірі» – біздің заманымыздың шежіресі» деген күн тәртібімен, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабын талқылауға арналған Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының отырысы өтті.

                Отырыста Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың еліміздің жаңа тарихындағы және болашағындағы рөлін, егемен мемлекет пен отандық парламентаризмді құрудың негізгі кезеңдерін, жаңғырту мәселелерін, қоғамдық келісім мен жалпыхалықтық бірліктің «қазақстандық моделін» жетілдірудегі өзекті мәселелерді, оның дамуы мен эволюциясын, негізгі қағидаттарын, тетіктерін, қозғаушы күштерін және тағы да басқа мәселелер қаралды.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Д. Мыңбай, Мәжіліс Төрағасының орынбасары В. Божко, Мәжіліс депутаттары – Мәжілістегі ҚХА-ның депутаттық тобының мүшелері қатысты.

Отырыста депутаттық топтың жетекшісі – С. Абдрахманов баяндама жасап, Мәжіліс депутаттары – Қ. Сұлтанов, А. Тасболатов, А. Рау, М. Магеррамов, Н.. Жұмаділдаева, Ш.  Нурумов, А. Мурадов, Ш.Хахазов, Г. Шиповских сөз сөйледі.

 

(74-63-01, Ақпаратты Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі таратты).

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі