Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
30.01.2018

«Назарбаев Университетінде» Мәжіліс депутаттары жоғары білім беруді дамыту келешегі туралы талқылайды


Астана, 30 қаңтар, Мәжіліс үйі. Сәрсенбі, 31 қаңтарда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бойынша депутаттар мен мемлекеттік органдар және ғылыми ұйымдар өкілдерінің қатысуымен талқылау өтеді.

Дөңгелек үстел Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлнар Иксанованың жетекшілігімен «Назарбаев Университетінде» ұйымдастырылады.

Отырыста Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов сөз сөйлейді деп күтілуде.

Сондай-ақ, Мәжіліс депутаттары Жәмилә Нұрманбетова, Әбдіманап Бектұрғанов, Зәуреш Аманжолова және «Назарбаев университетінің» проректоры Адесида Илесанми мен республикадағы ЖОО-ның басшылары  сөз сөйлейді деп жоспарлануда.

Заң жобасы бойынша жұмыс тобына Жәмилә Нұрманбетова жетекшілік етеді.

Отырыс сағат 15-00-де «Назарбаев университетінде» (блок С-3, 1010-дәрісхана) басталады.

 

(74-63-01, суретті түсірген Сайлау Майлыбаев.  Ақпаратты Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі таратты).



 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі