Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
31.01.2018

Мәжілісте «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» заң жобасы ілеспе түзетулермен таныстырылады


                Астана, 31 қаңтар, Мәжіліс Үйі. Бейсенбі, 1 ақпанда, Мәжілісте жаңа заң жобаларының таныстырылымы болады.

                Біріншісі - «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы».

                Екіншісі - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».

                Баяндамашы - ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов.

                Заң жобалары бойынша жұмыс тобының жетекшісі – Мәжіліс депутаты Құдайберген ЕРЖАН.

                Отырыс Мәжілісте, 1 ақпан күні сағат 10-00-де, А-309 каб. өтеді.

                (Мөлдір Мұса - 74-63-04. Ақпаратты Мәжілістің Баспасөз қызметі таратты.)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі