Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
03.04.2018

Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов Шығыс Қазақстан облысында сайлаушылармен кездесулер өткізді


Осы күндері Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясы жетекшісінің орынбасары, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов Шығыс Қазақстан облысында сайлаушылармен кездесулер өткізуде.

Депутат Аягөз ауданының Аягөз қаласында, Ақтоғай кентінде және Қопа, Тарлаулы ауылдарында, Үржар ауданының Үржар, Мақаншы, Бақты, Қызылту, Елтай және Сегізбай ауылдарында кездесулер өткізді.

Кездесулерде депутат Нұртай Сабильянов сайлаушыларға Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасының қазақстандықтарға үлкен маңызы бар екендігін түсіндірді, оларды жүзеге асырудың міндеттері туралы және Қазақстан Республикасы Парламентінің заң шығару қызметі туралы айтып берді.

           Сайлаушылар өз кезегінде ауыз сумен, тұрғын үймен қамтамасыз ету, автожолдарды жөндеу, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру, ауыл шаруашылығын дамыту, шағын несиелеу, білім саласын жақсарту, дәрі-дәрмектермен уақтылы қамтамасыз ету, интернет-байланысын дамыту, шекаралық елді-мекендердің инфрақұрылымын дамыту және басқа да мәселелерді көтерді.

          Сонымен қатар, депутат Нұртай Сабильянов 1 сәуір күні Аягөз қаласында азаматтарды қабылдады. Күні бойы депутат 120 адамды қабылдады, оның ішінде көпшілігі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар болды. Барлық азаматтарға депутат тарапынан жауаптар мен түсіндірмелер берілді.

Депутат Н.С. Сабильяновтың тұрғындармен кездесулері Шығыс Қазақстан облысы Абай, Жарма аудандарының елді-мекендерінде жалғасады.


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі