Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
06.02.2020

Нұрлан Нығматулин Түркияда орын алған табиғи апатқа байланысты көңіл айтты


 

Нұр-Сұлтан, 6-ақпан, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Мұстафа Шентопқа Ван провинциясында орын алған қар көшкініне байланысты  көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Өзімнің және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының атынан Ван провинциясында орын алған қар көшкіні салдарынан қаза тапқандардың отбастарына орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтамын. Осынау қайғылы сәтте біз Түркия халқымен бірге екенімізді және шынайы жанашыр көңілімізді жеткізе отырып, зардап шеккендердің сауығуына тілектестігімізді білдіреміз,-деді Н. Нығматулин.

Сондай-ақ, бауырлас Түркия халқына сабырлылық пен төзімділік тілейтінін жеткізді.

 

 (ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі