Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
08.02.2020

Нұрлан Нығматулин Қордайда орын алған жағдайға байланысты пікір білдірді


 

Нұр-Сұлтан, 8 ақпан, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қордайда орын алған жағдайға байланысты қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығуына тілектестік білдірді.

Бұл туралы ол өзінің Твиттер парақшасына: "Қордайда қаза болғандардың отбасына көңіл айтамын және зардап шеккендердің сауығуын тілеймін. Жағдай ел басшылығының бақылауында. Бір топ мәжілісмендер үкіметтік комиссиямен бірге оқиға орнында жұмыс істеуде. Біздің мақсатымыз арандатуға жол бермей, тұрақтылықты сақтау",-деп жазды. (https://twitter.com/NigmatulinKZ/)

Нұрлан Нығматулин өз пікірінде біздің халқымыз ежелден татулық пен тұрақтылықты, береке мен бірлікті мақсат еткен ел екенін, біздің егемен еліміз де тәуелсіздік алған күннен бастап ынтымағы жарасқан, қазақстандық даму жолын қалыптастырған абыройлы мемлекетке  айналғанын атап өтті.

Сонымен бірге, Мәжіліс Төрағасы бүгінде Қазақстанның бейбітшілік пен татулық саясаты әлемнің көптеген елдері үшін үлгі саналатынын алға тарта келіп, қазақстандықтарды елдің тұтастығына нұқсан келтіретін кез-келген берекетсіздікке жол бермеуге шақырды.

Н. Нығматулиннің пікірінше, кең байтақ Қазақстанымыздың әрбір азаматы, әрбір аймағы біздің баға жетпес байлығымыз. Оларды көздің қарашығындай сақтап, қорғау әрбір азаматтың қасиетті борышы.

(ҚР Парламенті Мәжілісінің Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі