Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
10.02.2020

Мәжілісмендер бір күндік жалақысын Қордайда зардап шеккендерге көмек қорына аударды


 

Нұр-Сұлтан, 10 ақпан, Мәжіліс үйі. Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы  бір күндік еңбек жалақыны Жамбыл облысы, Қордай ауданында болған қайғылы жағдай салдарынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін аудару туралы Қаулы қабылдады.

Қаржы аудан тұрғындарының тіршілігін, бүлінген үйлерді, инфрақұралымдарды қалпына келтіруге бағытталады.

Мәжілістің бір топ депутаттары қазіргі уақытта Қазақстан Президентінің тапсырмасымен құрылған үкіметтік комиссиямен бірге, Қордай ауданында жұмыс істеуде.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі – 74 63 02).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі