Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
20.11.2023

Қазақстан мен Армения депутаттарыпарламентаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады


Астана, 20 қараша, Мәжіліс үйі. Мәжілісдепутаттары Армения ҰлттықАссамблеясының «Армения-Қазақстан» достықтобының делегациясымен кездесті. Меймандарды Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан бастаған депутаттар қарсы алды.

Айгүл Құспан Қазақстан мен Армения арасындағы парламентаралық байланыс дәстүрлі түрде жоғары деңгейде жүргізіліп жатқанын атап өтті. Оған достық топтарымен қатар екі ел парламенттері спикерлерінің тұрақты кездесулері де ықпал етуде. Комитет төрайымы сайлау үдерістеріндегі парламенттердің жемісті жұмысына тоқталып, әріптестеріне Қазақстандағы Парламент сайлауын бақылауға қатысқандары үшін алғысын білдірді.

– Қазақстан Армениямен қарым-қатынасты дамытуға үлкен мән береді және оны екіжақты ынтымақтастықтың барлық саласында одан әрі кеңейтуге ниетті. Заң шығару қызметі бойынша тәжірибе алмасу, тығыз әріптестік байланыс орнату елдеріміз арасындағы байланысты әрі қарайдамытуға ықпал етеді, – деді Айгүл Құспан.

«Армения-Қазақстан» достық тобының жетекшісі Вагаршак Акобян Арменияның Ұлттық ассамблеясы екіжақты форматта да, халықаралық платформалар арқылы да Қазақстан Парламентімен белсенді және тиімді ынтымақтастыққа дайын екенін айтты.

– Қазақстан – Арменияның маңызды стратегиялық серіктесі. Бізді ортақ   тарих біріктіреді. Елдеріміздің қарқынды дамуы үшін күш салуға дайынбыз. Жылы қарсы алғандарыңызға рахмет, бүгін Мәжіліске келгенімізге өте қуаныштымыз, – деді Вагаршак Акобян.

Тараптар сауда-экономикалық байланыстарды дамыту мәселесіне де тоқталды. Бүгінде Қазақстанда экономиканың түрлі саласында Армения капиталының қатысуымен 340-тан астам компания мен 76 Қазақстан-Армян бірлескен кәсіпорны жұмыс істейді. Сондай-ақ депутаттар екіжақты қарым-қатынасты нығайтудың маңызды бөлігі ретінде мәдени-гуманитарлық бағытқа да назар аударды.

Отырысқа Мәжіліс депутаттары Мұқаш Ескендіров, Мұрат Ергешбаев, Тілектес Адамбеков, Аян Зейнуллин, Асхат Рахымжанов ГауҺар Танашева, Арменияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Армен Гевондян менделегацияның басқа да мүшелері қатысты.

Талқылау нәтижесінде тараптар сауда-экономикалық, әлеуметтік және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға, достық топтары мен комитеттер аясында бірлесіп жұмыс істейтін болады.

 

 

 

 

Мәжілістің Баспасөз қызметі 74-63-04, Фото Ж.Жұмабеков.

 

 

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі