The website color
Distance between letter distance
Images
07.10.2016

Мәжіліс депутаттары бастамашы болған заң жобасы бірінші оқылымда қаралады


Астана. 7-қазан. Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Онда Парламент Мәжілісінің бір топ депутаттары бастамашы болған «Жайылымдар туралы» және оған ілеспе заң жобасы  бірінші оқылымда талқылауға ұсынылады деп күтілуде. Құжат еліміздегі жайылымдар инфрақұрылымын жақсартуға, жайылым жерлердің тозуын болдырмауға, олардың қоршаған ортаның экожүйесіндегі экологиялық тұтастығын сақтауға бағытталады.

Сондай-ақ осы күні халық қалаулылары Париж келісімін ратификациялауға қатысты заң жобасын қарамақ.

 Бюро отырысында Аграрлық мәселелер  комитетінің Ақмола облысында көшпелі отырыстарын өткізу мәселесі де назардан тыс қалмады.

 

(Зәмеш Кеңесқызы – 74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan