Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
САУАЛНАМАНЫ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
САУАЛНАМАНЫ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ

САУАЛНАМАНЫ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

Палатаның 2013 жылғы 11 қырқүйектегі № 503-У ПМ қаулысымен бекітілген Бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асырудың үшінші сессиясына арналған Негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес Әлеуметтік- мәдени даму комитеті 2014 жылғы 16 мамырда «Экономика салалары үшін техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру жүйесінде кадрлар даярлаудың сапасы және перспективалары туралы» Парламенттік тыңдау өткізеді.

Осыған байланысты төмендегі сауалнамаларға қатысуларыңызды сұранамыз:

-              жұмыс берушілер (барлық ірі кәсіпорындар) 3 сауалнама бойынша (ТжКББ, ЖОО-да кадрларды даярлауға қанағаттану; елдегі ғылым мен инновацияның жағдайы туралы сұрақ);

-              ЖОО оқытушылары және ҒЗИ қызметкерлері (ғылым мен инновацияның дамуы туралы пікірлері) - кем дегенде ЖОО оқытушылары мен ҒЗИ қызметкерлерінің 50%;

-              ТжКБ және колледж оқытушылары (ТжКББ-де кадрларды даярлау жағдайы мен перспективасы туралы пікірлері) - кем дегенде техникалық, ауылшаруашылық, медициналық мамандықтар оқытушыларының 50% сауалнама жүргізуге қатысуын сұраймыз.

Сауалнамалар жоғары, техникалық және кәсіби білім беру жүйесінде кадрларды даярлау жөніндегі жағдайға талдау жүргізу үшін арнайы әзірленген. Зерттеулердің нәтижесі Мәжілістің Парламенттік тыңдауды дайындау және өткізу жөніндегі арнайы уақытша комиссиясының жұмысында қолданылады.

Сауалнамалардың мәтіні ҚР Парламентінің (www.parlam.kz) сайтында, «Мәжіліс» атты бетінің «Мәжіліс Аппараты» бөлігінің «Сауалнама» бөлімшесінде орналастырылған. Толтырылған жауаптарды үстіміздегі жылдың 24 ақпанына дейін anketa-parlam@mail.ru электронды почтаға жіберуді сүұраймыз. Анықтама алу үшін телефондар: 746203 Онлашева Жанна.