Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Дөңгелек стол

19.03.2024

2024 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитеті «Бал ара шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына ауыл шаруашылығы, сауда және интеграция, денсаулық сақтау, ғылым және жоғары білім, оқу-ағарту, экология және табиғи ресурстар министрліктерінің, облыс әкімдіктерінің, үкіметтік емес сектордың, ғылым саласының өкілдері, сарапшылар мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысты. Іс-шара аясында бал ара шаруашылығы саласын дамыту; араларды қорғау, пайдалану және өсімін молайту; мемлекеттік қолдау, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар; араның ауруларын анықтаумен алдын - алудың заманауи әдістерін қолдану; кадрларды даярлау мен ғылымды дамыту және басқа мәселелер талқыланды. Отырысқа қатысушылар уәкілетті органның аталған саланы дамыту бойынша нақты көзқарасының болмауына, отандық омарташыларға жеткілікті мөлшерде қолдаудың көрсетілмеуіне алаңдаушылық білдірді. Елімізде басқа елдерден белгісіз жерден шыққан бал мен ара шаруашылығы өнімдерінің, оның ішінде жалған өнімдердің бақылаусыз әкелінуі отандық өндірушілердің бәсекеге қабілетсіздігіне әкеп соқтырады. Осыған байланысты депутаттар, Ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан, саланы дамыту үшін, заңнамалық сипаттағы шешімдерді іздеу жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеу мақсатында барлық мүдделі тараптардың қатысуымен жұмыс тобын құруды ұсынды. Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша Үкіметке тиісті ұсынымдар жолданатын болады.
22.02.2024

2024 жылғы 22 ақпанда Парламент Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитеті «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі агроорман-мелиорациялық іс-шаралар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Отырысқа ауыл шаруашылығы, экология және табиғи ресурстар, қаржы, ұлттық экономика, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің, барлық облыстық әкімдіктердің, ғылыми ұйымдардың, «Атамекен» ҰКП, сондай-ақ, салалық қауымдастықтардың өкілдері мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысты. Дөңгелек үстел барысында агроорман-мелиорациялық іс-шараларды ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге қолданудың орындылығы, олардың орны мен мағынасы, олардың ғылыми негіздемелері талқыланды. Депутаттар мен отырысқа қатысушылар жоғарыда аталған мәселелерді реттеуге бағытталған бірқатар шаралар ұсынды, осы ретте Үкіметке тиісті ұсынымдар жіберілетін болады.
15.02.2024

2024 жылғы 15 ақпанда Аграрлық мәселелер комитеті "Агроөнеркәсіптік кешен үшін техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту мәселелері " деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға оқу-ағарту, ауыл шаруашылығы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, облыстық әкімдіктердің, білім және ғылым саласының, «Атамекен» ҰКП-ы мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысты Дөңгелек үстел аясында оқу-ағарту бірінші вице-министрі Н.В.Жұмаділдаева, ауыл шаруашылығы вице-министрі Е.Қ.Тасжүреков, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Б.Қ.Асанов, Ақтөбе жоғарғы аграрлық-техникалық колледжінің Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігі төрағасының орынбасары Н.Т. Құлшаров, Қазақстан Республикасы колледждер қауымдастығының президенті М.Е. Омаров және «Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС-нің бас директоры Ф.Қ.Әбітаев талқыланған мәселенің түрлі аспектілері бойынша сөз сөйледі. Талқылау барысында отырысқа қатысушылар оқыту мекемелері мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындары арасында тығыз байланыстың жоқтығын, техникалық және кәсіптік білім беретін мекемелердің басым көпшілігінің материалдық-техникалық базасының шектен тыс тозғанын, ауыл шаруашылығы мамандықтары беделінің төмендігін және білім мазмұнының жұмыс берушілер тарапынан бітірушілердің кәсіби біліктілік деңгейіне қойылатын талаптарға толықтай сәйкес келмейтінін айтып өтті. Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша Үкіметке техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің өзекті мәселелерін шешудің ықтимал жолдары көрсетілген тиісті ұсынымдар жіберілетін болады.
14.12.2023

14 желтоқсанда Комитет «Агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыру жүйесін, оның ішінде екінші деңгейдегі жеке банк (Агробанк) құру жолымен жетілдіру туралы» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Іс-шараға Парламент депутаттары, ауыл шаруашылығы, қаржы, сауда және интеграция министрліктерінің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Ұлттық банктің, квазимемлекеттік сектордың басшылары, облыс әкімдіктерінің, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, сарапшылар мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты. Кездесу барысында шағын және орта фермерлер үшін несие ресурстарының қолжетімділігін арттыру мәселелері, ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктерді, лизингтік компанияларды, несие серіктестіктерін және микроқаржы ұйымдарын тарту, агроөнеркәсіптік кешендегі тәуекелдерді сақтандыру нарығын және ауыл шаруашылығы несиелік кооперация жүйесін дамыту және т.б. мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, дөңгелек үстелге «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Р.С. Ошақбаев және қаржы секторының сарапшысы Қ.С. Жауымбаев қатысты. Олар мамандандырылған Аграрлық банктің қаржылық моделін ұсынды, оның құрылуына ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен депутаттар қолдау көрсетті. Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың өкілдері саланы сапалы және уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында мамандандырылған ауыл шаруашылығы банкін құру туралы ұсынысты қолдады.
07.11.2023

2023 жылғы 7 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитеті «QazSpirits» алкоголь және никотині бар өнімдерді өндірушілер мен импорттаушылар қауымдастығымен бірлесіп «Бидайды өңдеу және өсімдік дақылдарының жаңа түрлерін өсіру мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ қоғамдық және салалық қауымдастықтар қатысты. Отырыс барысында Мемлекет басшысының агроөнеркәсіптік кешенінде қайта өңделген өнімінің үлесін 70%-ға дейін ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде бидайды терең өңдеуді дамыту перспективалары талқыланды. Атап айтқанда, мынадай мәселелер қаралды: бидай өңдеу өнімдерінің сауда қызметін реттеу; техникалық реттеу; дайын өнімді тасымалдау және сақтау; салық салу тетіктерін қайта қарау; нарықта контрафактілік өнімнің көп мөлшерде болуы және т. б. Жалпы, осы мәселелердің оң шешімі отандық шикізатты қайта өңдеуді ұлғайтуға, бюджеттің кіріс бөлігін толықтыруға, импортты азайтуға және акцизделетін өнімнің экспортын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, спиртті өндіру кезінде мал шаруашылығына арналған жем болып табылатын бірқатар өнімдер пайда болады. Өз кезегінде депутаттар спиртті өндіруде экспорттық нарықтарда және тамақ өнеркәсібінде ең аз сұранысқа ие болып табылатын төмен сыныпты бидайды терең өңдеу мәселелерінің өзектілігін атап өтті. Дөңгелек үстелді өткізу қорытындысы бойынша айтылған барлық ұсыныстар қарау үшін Үкіметке және бейінді мемлекеттік органдарға жіберілетін болады.
19.10.2023

Аграрлық мәселелер комитеті 2023 жылғы 19 қазанда С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің алаңында "Аграрлық ғылым – а уыл шаруашылығы өндірісі үшін" деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, ауыл шаруашылығы, ғылым және жоғары білім министрліктерінің, жергілікті атқарушы органдардың, ауыл шаруашылығы саласындағы жетекші университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері, фермерлік шаруашылықтар мен салалық қоғамдық бірлестіктердің басшылары, халықаралық сарапшылар мен студенттер қатысты. Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауындакөзделген тапсырманы іске асыру мақсатында ғылым мен бизнестің өзара байланысын арттыру, аграрлық ғылымды қаржыландыру, ғылымға бағдарланған ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қалыптастыру және Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын зерттеу ісінің барлық сатысын қамтитын агротехнология хабына айналдыру арқылы саланы реформалау мәселелері басты назарда болды. Отырысқа қатысушылар отандық аграрлық ғылымның әлеуетін пайдалану тиімділігінің және ғылыми қызмет пен ғылыми әзірлемелер нәтижелерін ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдалану үшін оларға сұраныстың төмендігіне алаңдаушылық білдірді. Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша Үкіметке тиісті ұсынымдар жіберілетін болады.
26.04.2023

Аграрлық мәселелер комитеті 2023 жылғы 26 сәуірі күні «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы аясында «Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану Жоспарын іске асыруды қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел отырысына орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қоғам белсенділері, ауылдық округ әкімдері, ғалымдар, сарапшылар, ауыл шаруашылық өнімін өндірушілер қатысты. Іс-шараны өткізу барысында Ауыл шаруашылық министрлігі өңірлерде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану Жоспарын әзірлеу, бекіту және оны іске асыру барысы туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, Қарағанды және Түркістан облыстары әкімдіктерінің құзырлы орындарының өкілдері мен ауыл округтерінің әкімдері тыңдалды. Нәтижесінде депутаттар «Жайылымдар туралы» заңының жайылымдарды пайдалану Жоспарларын уақытылы әзірлеу мен қабылдау бөлігінде іске асырылуы төменгі дәрежеде екенін атап өтті. Қолданыстағы жоспарлар жайылымдарды пайдалану мәселелерін шешпейді, ал бар Жоспарлар формалды тұрғыда. Осыған байланысты, депутаттар көрсетілген мәелелерді шешу үшін жайылымдарды басқару және пайдалану Жоспарларының маңызын және мәртебесін заңды тұрғыда көтеру, олардың құрамы мен мазмұнын қайта қарау керектігі туралы ұсыныстар берді. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларын аталған нормативтік құжаттарды уақытылы қабылдамағаны үшін жауапкершілікке тартуды қарастыруды ұсынды.
06.04.2023

Аграрлық мәселелер комитеті Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені қауымдастықтарының Альянсы ұйымдастырған Ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелері жөніндегі дөңгелек үстел отырысына қатысты. Альянсқа Картоп және көкөніс өсірушілер одағы, Егін өсірушілер одағы, Астық одағы, Ет одағы, Қазақстанның астық өңдеушілер және нан пісірушілер одағы, Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы, Несиелік серіктестіктер қауымдастығы, «KAZGRAIN» астық экспорттаушылар қауымдастығы және басқа салалық ұйымдар кіреді.

Дөңгелек үстелді өткізу барысында отырысқа қатысушылар саланың жүйелі мәселелерін көтерді. Атап айтқанда, қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру, мемлекеттік қолдау шараларының тұрақтылығы мәселелері, бірыңғай аграрлық салықты енгізу, ауыл шаруашылығы техникасына кәдеге жарату алымын жою және тағы басқа мәселелер талқыланды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өкілдері тыйым салулар мен квоталарды енгізу сияқты реттеудің нарықтық емес әдістерінен бас тарту қажеттілігі туралы пікір білдірді, өйткені бұл саланың инвестициялық тартымдылығына айтарлықтай әсер етеді. Сонымен қатар Аграрлық кодексті және АӨК-нін дамыту бойынша баламалы жобаны әзірлеу, «Астық туралы» заңды жаңа редакцияда қабылдау сынды бірқатар заңнамалық бастамалар атап өтілді. Кездесу нәтижелері бойынша, тараптар, проблемалық мәселелерді шешу кезінде депутаттық корпус пен сала өкілдерінің тұрақты негізде тығыз байланыста өзара әрекеттесуі туралы келісті.
12.12.2022

2022 жылғы 12 желтоқсанда Аграрлық мәселелер комитеті жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асыру жөніндегі үшінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес «Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауы аясындағы «Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға жаңа тәсілдер туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Аталған іс-шараны өткізудің қажеттілігі салалық қоғамдық ұйымдар мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің Парламент Мәжілісі депутаттарының атына жасаған тұрақты өтініштерінен туындап отыр. Таныстырылым барысында Ауыл шаруашылығы министрі Е.Ш.Қарашөкеев отырысқа қатысушыларды ауыл шаруашылығында мемлекеттік қолдау көрсету жөніндегі Министрлік ұсынған өзгерістермен таныстырды. Мәселен, қант қызылшасын субсидиялау нормативін ұлғайту ұсынылады, мал шаруашылығында отандық асыл тұқымды репродукторларды қолдау мақсатында әкелінетін асыл тұқымды малдарға бірыңғай нормативтер белгіленетін болады, субсидиялау жүйесі басқа мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланған жаңа цифрлық платформаға ауыстырылатын болады, оның қызметтері фермерлер үшін тегін ұсынылатын болады және т. б. Бұдан басқа, Министрлік субсидия алушыларға қатысты қарсы міндеттемелерді енгізуді ұсынды. Өз кезегінде салалық қауымдастықтардың мүшелері мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері бірқатар жаңалықтармен келіспеді. Атап айтқанда, сүт саласының өкілдері сүт-тауар фермаларын мемлекеттік қолдау көлемін және өндірілген өнімді субсидиялау нормативтерін сақтау қажеттігі туралы айтты, өйткені Қазақстан сүт және сүт өнімдері бойынша импортқа тәуелді болып қалуда. Құс өсірушілер Одағының президенті күркетауық еті мен суда жүзетін құс өндірісін субсидиялауды сақтау, құс шаруашылығы қажеттіліктері үшін жем-шөп құнын және мемлекеттік жем-шөп қорының көлемін субсидиялау нормативтерін ұлғайту жөнінде ұсыныстар айтты. Картоп өсірушілер мен көкөніс өсірушілер Одағының басшысы барлық бағыттар бойынша субсидиялау нормативтерін ұлғайту бөлігінде қайта қарауды ұсынды, өйткені соңғы уақытта ауыл шаруашылығы өндірісінің барлық құрамдас бөліктері бойынша бағалардың тұрақты үздіксіз өсуі байқалып отыр. Сонымен қатар, депутаттар, ең алдымен, статистикалық деректерді өзектендіру, саланың цифрландыруын дамыту, әкімшілендіруді жақсарту, субсидияларды жою емес, оларды беру тетіктерін жетілдіру қажет деп санайды. Қарсы міндеттемелерді енгізу - нақты есептелуі, ал әкімшілендіру іс жүзінде жүзеге асырылуы керек. Отырыс нәтижесін қорытындылай келе, Комитет төрағасы Е.Х. Барлыбаев мемлекеттік қолдаудың ұтымды, ашық және нәтижеге негізделген жүйесін әзірлеу үшін саланы субсидиялаудың жаңа жолдарын нақты және жан-жақты талқылаудың маңызды екенін айтты. Сондай-ақ, ол АӨК субъектілеріне депутаттар тарапынан қолдау білдірді және уәкілетті органдарды барлық айтылған ұсыныстарды мұқият қарастыруға шақырды. Дөңгелек үстелдің нәтижесі бойынша ұсыныстар қабылданып, уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілетін болады.
10.03.2022

2022 жылғы 10 наурызда Аграрлық мәселелер комитеті «Қазақстан Республикасындағы ветеринария жүйесінің жай-күйі туралы» тақырыбына дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Іс-шараға ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика, қаржы, білім және ғылым, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің, ғылыми-зерттеу, қоғамдық және өзге де мамандандырылған ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ ғалымдар мен практиктер қатысты. Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринария жүйесін реформалау бойынша негізгі тәсілдерді таныстырып өтті. Бұдан басқа, еліміздің ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ағымдағы жағдай туралы баяндалды. Сондай-ақ, ғылыми және ғылыми-зерттеу ұйымдарының, Орталық Азия бойынша Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының, отандық ветеринариялық препараттар мен вакциналарды өндіруші өкілдерінің баяндамалары тыңдалды, олар проблемалық мәселелермен оларды шешу жолдары туралы өз ой-пікірлерін білдірді. Отырысқа қатысушылар ветеринария қызметі жұмысының ұйымдастырылуын, ветеринариялық іс-шаралардың уақтылы жүзеге аспауын сынға алды, бұл жануарлардың жұқпалы ауруларының, оның ішінде аса қауіпті, әлеуметтік және экономикалық залал келтіретін аурулардың өршуіне алып келді. Сонымен қатар, орталық пен өңірлер арасындағы өзара іс-қимылдың нақты тетігінің жоқтығы атап өтілді. Осыған байланысты, ветеринарлық қызметті реформалау кезінде оның нақты құрылымын құру қажет екендігі айтылды. Бұдан басқа, ветеринариялық мамандарды даярлау, оларды ауылдық жерлерге жұмысқа тартуды ынталандыру тәсілдерін өзгерту, ветеринариялық мамандардың жалақысын көбейту, қызметін жүзеге асыру жағдайларын жақсарту, оның ішінде, ауылдық округтердегі ветеринариялық зертханалардың материалдық-техникалық базасын жаңғырту, сондай-ақ кепілдендірілген әлеуметтік қолдау көрсету сияқты тиісті жағдайларды жасау қажет. Ветеринария саласын цифрландыру, ондағы деректерді жинау мен беруді автоматтандыру, жануарларды сәйкестендірудің заманауи әдістерін енгізу, түрлі ауруларды диагностикалау мен емдеу маңызды болып табылады, бұл мал шаруашылығы өнімінің қадағалануына, ветеринариялық-санитариялық бақылаудың күшеюіне, ветеринариялық іс-шаралардың уақтылы жүргізілуіне ықпал етеді. Сонымен қатар, отандық ветеринариялық препараттар мен диагностикумдар өндірісін дамытуға ерекше назар аудару қажет. Нәтижесінде, уәкілетті органдарға ветеринария саласын реформалау мәселелерін шешу кезінде өзара іс-қимыл мен үйлестіруді күшейту, сондай-ақ дөңгелек үстелге қатысушылардың айтылған ұсыныстары мен ұсынымдарын қосымша зерделеу тапсырылды.
24.06.2021

2021 жылғы 24 маусымда Аграрлық мәселелер комитеті бейне-конференц-байланыс режимінде «Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбына дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Аталған іс-шараға ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика, сауда және интеграция, денсаулық сақтау, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің жауапты қызметкерлері, "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының, квазимемлекеттік сектордың өкілдері және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер қатысты. Іс-шараны өткізу барысында азық-түлік қауіпсіздігінің проблемалық мәселелері талқыланды. Атап айтсақ, олар азық-түлік инфляциясы, ішкі нарықты отандық өндірістің азық-түлік тауарларының негізгі түрлерімен қамтамасыз ету, импортты алмастыру және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан саясат т. б. мәселелер болды. Уәкілетті орган жоғарыда көрсетілген проблемалық мәселелерді шешу үшін, әзірленген 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспар шеңберінде, импортқа тәуелді бағыттардың әрқайсысы бойынша инвестициялық жобаларды қолдау, оның ішінде жеңілдікті кредиттеумен және субсидиялаумен қамтамасыз ету, инфрақұрылымды дамыту және жер ресурстарымен қамтамасыз ету, ішкі нарықты қорғау, сондай-ақ кадрлар даярлау бойынша бірқатар шаралар қарастырылғанын баяндады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен тамақ өнеркәсібінің қайта өңдеу кәсіпорындарының өкілдері сөйледі, олар проблемалық мәселелер және оларды шешу туралы өз пікірлерін білдірді. Өз кезегінде депутаттық корпус көтерілген мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, уәкілетті органдарға оларды шешу алгоритмін әзірлеуді ұсынды. Нәтижесінде аталған мәселелер жан-жақты және сындарлы талқыланды, ал барлық енгізілген ұсыныстар мен сараптамалық пікірлерді уәкілетті орган қосымша қарауға алды. Дөңгелек үстел отырысының қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар әзірленді.
18.04.2019

Астана, 18 сәуір, Мәжіліс үйі.

Бүгін, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінде Аграрлық мәселелер жөніндегі комитет төрағасы – Б.С. Оспановтың жетекшілігімен және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары В.К. Божконың қатысуымен «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландырудың қолжетімділігін арттырудағы проблемалық мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Ұлттық Банк, Қаржы министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Жамбыл облысы әкімдігі, «Қазагро» Холдингі», «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамдары, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен», агроөнеркәсіптік кешендегі несие серіктестігі қауымдастығы, «Германия-Қазақстан аграрлы-саяси диалог» Жобасы, сондай-ақ Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы мен шағын қаржы ұйымдары қауымдастығынан жауапты өкілдері қатысты. Негізгі баяндамамен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Р.Ж. Құрманов, қосымша баяндамамен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер жөніндегі комитет депутаты – Звольский С.А. сөз сөйледі. Іс-шара барысында, агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру жөніндегі міндеттер қолданыстағы бағдарламалар бойынша несиелендіру, сондай-ақ агроөнеркәсіптік субъектілерді одан әрі қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктерді, кредиттік серіктестіктерді, микрокредиттік ұйымдар мен лизингілік компанияларды қаржыландыру есебінен шешіліп отырғаны айтылды. Сондай-ақ баяндаушылармен келесі проблемалық мәселелер көтерілді: леквидті кепілдіктің және айналым капиталының тым аздығы, ауыл шаруашылық өндірісінің жоғары тәуекелдері және климаттық жағдайларға тәуелділігі, өтелу кезеңдерінің ұзақтығы және ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобалардың төмен кірістілігі, қарыздар мен лизинг бойынша жоғары пайыздық мөлшерлемелер. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар жасалынды.
11.01.2019

Астана, 11 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін, Парламент Мәжілісінде, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы С.К. Омаровтың жетекшілігімен «Ауылдық жерлерде шағын және орта бизнесті дамытуда Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың рөлі туралы және осы негізде жоғары сапалы азық-түлік өнімдерін үзіліссіз қамтамасыз ету» тақырыбында дөңгелек үстелдің отырысы өтті.

Дөңгелек үстелдің жұмысына ұлттық экономика және ауыл шаруашылығы министрліктерінің жауапты қызметкерлері, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ауыл шаруашылығы басқармаларының өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелдің отырысы барысында Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру саласындағы шағын және орта бизнесті дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Негізгі баяндамаларды ұлттық экономика вице-министрі С.М. Жұманғарин және ауыл шаруашылығы вице-министрі Б.Т.Бейсенғалиев жасады. Дөңгелек үстелдің жұмысы барысында ауылдық жерлердегі шағын және орта бизнесті дамытудың өзекті мәселелері, өңірлерде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламаларын іске асыру мәселелері, сондай-ақ еліміздің және өңірлердің агроөнеркәсіптік кешен жобаларына Әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациялардың қатысу перспективалары көтерілді. Нәтижесінде, дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға тиісті ұсыныстар жіберілетін болады.
27.11.2018

Астана, 27 қараша Мәжіліс Үйі

Бүгін, Парламент Мәжілісінде Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Омаров Сапархан Кесікбайұлының басшылығымен «Ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері» атты дөңгелек үстелдің отырысы өтті. Дөңгелек үстелдің жұмысына Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Ұлттық биотехнология орталығының, Астанадағы Халықаралық эпизоотиялық бюроның субаймақтық кеңсесінің, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің және Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария және өсімдіктерді қорғау және карантині институттарының өкілдері, сондай-ақ Қазақстан құс өсірушілер одағы, Әулиекөл, Қазақтың ақбас және Герефорд тұқымдары Республикалық палаталары үкіметтік емес сектор өкілдері және т. б. қатысты. Дөңгелек үстелдің отырысында еліміздің эпизоотикалық және фитосанитарлық жағдайының өзекті мәселелері талқыланды. Негізгі баяндамаларды Агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы А.Е.Қажыбекова және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Т.А.Қабдұлданов жасады Дөңгелек үстелге қатысушылар ауыл шаруашылық жануарларының қауіпті ауруларымен күресу, соның ішінде «Фермадан үстелге дейін» қағидасы бойынша тізбекті қадағалау үшін ауылшаруашылық жануарларын объективті есепке алу, сондай-ақ қауіпті зиянкестер мен карантиндік объектілерден өсімдіктерді қорғау шараларының тиімділігі туралы мәселелерді көтерді. Іс-шараның нәтижесінде жиналысқа қатысушылар ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, елдің ветеринариялық және фитосанитарлық әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруға шешім қабылдады.
25.10.2017

Бүгін Парламент Мәжілісінде «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді және ұтымды пайдаланудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгедек үстелдің отырысы өтті.

Аталған іс-шара ауыл шаруашылығы жерлерді жалға беру институтын сақтау және одан әрі жетілдіру, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану мен қорғаудағы бақылауды күшейту, аталған жерлер категориясын ұсыну мен жер конкурстарын жүргізудің ашықтығы бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметінің жариялылығын дамыту оның басты мақсаты болып табылатын жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша заң жобасын талқылау шеңберінде өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына депутаттық корпус, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері, мемлекеттік ұйымдар мен ведомстволық бағынысты мекемелер, тиісті бағыттағы ғылыми ұйымдар, Парламент Мәжілісінде ұсынылмаған саяси партиялар, салалық қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер қатысты. Дөңгелек үстел отырысын жүргізу барысында өткен жерлерді түгендеу (инвентаризациялау), топырақтың агрохимиялық зерттеудің қорытындылары, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің тиімді пайдалануы мен қорғауын бақылау мен мониторингін күшейту мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарын жайылымдармен қамтамасыз ету проблемаларына, тыңайған, босалқы жерлерді, суармалы жерлерді айналымға тарту қажеттілігіне, жерлердің тозуы және шөлейттенумен күрес жөніндегі іс-шараларды жандандыруына, пайдаланылмайтын, ұтымды пайдаланылмайтын немесе нысаналы мақсатта пайдаланылмайтын жерлерді анықтауына ерекше көңіл бөлінді. Дөңгелек үстел отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиісті ұсынымдар жолданды.
27.04.2017

Бүгін Парламент Мәжілісінде аграрлық мәселелер Комитетінің төрағасы С.К.Омаровтың төрағалығымен «Өсімдік шаруашылығы өнімін өңдеудің проблемалы мәселелері туралы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына депутаттар, уәкілетті мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Қазақстан тағам кәсіпорындарының одағы», «Қазақстан астықты қайта өңдеушілер одағы», «Қазақстанның картоп пен көкөніс өндірушілерінің Одағы», «Қазақ мақта қауымдастығы» және т.б. заңды тұлғалар бірлестіктері сияқты үкіметтік емес секторлар өкілдері, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және өнеркәсіпті қайта өңдеу және азықтық ғылыми-зерттеу институттары, сонымен қатар «Есік жеміс-көкөніс консервілеу зауыты», «Орталық Азия Қант Корпорациясы» ЖШС және «АзияАгроФуд», «Евразиан фудс» АҚ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілерінің өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел отырысының барысында өсімдік шаруашылығының өнімдерін өндіру мен қайта өңдеудің өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды. Ауыл шаруашылығының вице-министрі Төлеутай Сатайұлы Рахымбековтың басты баяндамасында отандық өнім өндірудің бәсекелестігін қамтамасыз ету бойынша, салааралық қарым-қатынастың тиімділігі мен агроөндіріс кешені субъектілерін қаржылық, ақпаратты-әдістемелік қолдауға бағытталған министрлікпен қабылданып жатқан шаралар мен алда тұрған міндеттер айқындалды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және өнеркәсіпті қайта өңдеу және азықтық ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері де өзекті мәселелер мен міндеттерді ортаға салды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының Тамақ өнеркәсібі комитетінің төрағасы саланың дамуына кедергі келтіріп отырған мәселелерді баяндап берді. Сонымен қатар, міндеттерді белгілеген және оларды шешу көзқарасын ұсынған отандық мамандардың құзыретті пікірлері тыңдалды. Дөңгелек үстел отырысының қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға тиісті ұсынымдар жіберілді.
24.02.2017

Астана, 24 ақпан, Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісінде С.К. Омаровтың, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасының, төрағалық етуімен «Органикалық өнім өндіру туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру» («100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 60 және 61-қадамдарын іске асыру аясында) тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына депутат корпусы, уәкілетті мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы, «KAZFOAM» Органикалық ауыл шаруашылығы үшін қозғалысы Қазақстан федерациясы, «Органикалық егіншілік қуымдастығы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі, Қазақстан Республикасы аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты сияқты үкіметтік емес сектордың өкілдері, сондай-ақ органикалық өнім өндірушілері қатысты. Дөңгелек үстел отырысы барысында Қазақстандағы органикалық өнім өндіру және олардың айналымы саласындағы өзекті мәселелер мұқият талқыланды. «Органикалық өнім өндіру туралы» 2015 жылғы 27 қарашада қабылданған Қазақстан Республикасы Заңын іске асыруға бағытталған министірлік қабылдап жатқан шаралар туралы негізгі баяндаманы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Қапарұлы Айтуғанов жасады. Заңның ұлттық стандарттарды сертификаттау және ұлттық белгі сәйкестігін енгізу бөлігінің іске асырылу сатысы туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасы хабарлады. Өз кезегінде Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі өзінің қосымша баяндамасында осы кезеңде саланы дамытуға кедергі келтіретін негізгі проблемалық мәселелерді атап өтті. Одан басқа, отандық сала мамандарының құзыретті пікірлері тыңдалды, олар да проблемалық сәттерді белгілеп, органикалық өнім өндіру және олардың айналымы саласындағы міндеттерді шешудегі өз көзқарастарын ұсынды. Нәтижесінде дөңгелек үстел отырысының қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға тиісті ұсыныстар жіберілді.
29.11.2016

Бүгін Парламент Мәжілісінде «Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғаудың, өсімін молайтудың және олардың объектілерін орнықты пайдаланудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шара өсімдік және жануарлар дүниесі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау аясында өтті және негізгі мақсаты флора мен фаунаны сақтау, сондай-ақ оларды қорғау, өсімін молайтудың және олардың объектілерін орнықты пайдалану бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыру болып табылады.

Отырысқа Парламент депутаттары, уәкілетті мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері, «Табиғат» Қазақстан қауымдастықтары мен кәсіпорындары, «Қансонар» аңшылардың қоғамдық бірлестіктері мен аңшылық шаруашылығы субъектілері, «Қазақстан биологиялық әртүрлілікті сақтау қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан биологиялық әртүрлілікті сақтау қоры», «Қазақстан Республикасының спорттық балық аулау федерациясы» қоғамдық бірлестігі, «Тазы - Төбет - Бөрібасар» федерациясы, «Қазақ балық шаруашылығы» балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері, «Қазақстан Республикасының аңшылар мен балық аулаушылар қоғамдарының одағы» заңды тұлғалар бірлестігі және облыстық аңшылар мен балық аулаушылардың облыстық қоғамдық бірлестіктері қатысты. Сонымен қатар, отырысқа ғылыми орталықтардың өкілдері мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) мен биоәралуандық саласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) жобасының эксперттері, үйлестірушілері, менеджерлері және Орталық Азияның экономикалық дамуы үшін климаттың өзгеруі тұрғысынан аймақтық жер ресурстарын тұрақты басқару бағдарламасының мамандары шақырылып қатысты. Дөңгелек үстел барысында қоршаған ортаның сапасын жақсарту үшін және адам әсерін азайту мақсатында өсімдіктер мен жануарлар ресурстарын орнықты пайдалану, оларды қорғау және өсiмiн молайту үшін кешенді іс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғаудың, өсімін молайтудың және олардың объектілерін орнықты пайдаланудың өзекті мәселелері туралы негізгі баяндаманы ауыл шаруашылығы Вице-министрі Е.Н.Нысанбаев баяндады. Қоғамдық бірлестіктер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері өсімдіктер мен жануарлар әлемін, қоршаған табиғи ортаны сақтау мүмкіндіктері, биологиялық әр түрлі аспектілері туралы, сондай-ақ халықаралық тәжірибеге негізделген тұрақты басқару жөнінде дөңгелек столға қатысушыларды жан-жақты таныстырды. Сонымен қатар, дөңгелек стол аясында, орман және балық шаруашылығы өндірушілерінің баспа материалдарының, фотосуреттерінің, түрлі экспонаттарының көрмесі өтті. Дөңгелек стол қорытындысымен, Қазақстан Республикасы Үкіметіне тиісті ұсынымдар жолданды.