Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
29.09.2014

МӘЖІЛІСТІҢ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫ БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСТІ


МӘЖІЛІСТІҢ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫ БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ  ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСТІ

 

Астана, 29 қыркүйек. Мәжіліс Үйі.

ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев Бельгия Корольдігі Сыртқы істер министрлігінің Орталық Азия, Шығыс және Оңтүстік Шығыс Еуропамен екі жақты қатынастар қызметінің директоры Гюнтер Сливагенмен кездесті.

Жүздесуде екіжақты байланыстар мен күн тәртібінде тұрған халықаралық мәселелер тілге тиек болды.

Тараптар Қазақстан мен Еуроодақ елдері арасындағы қол қойылуы күтіліп отырған құжаттар келешегі мемлекеттер арасында жаңа кезеңге жол ашатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, екі ел арасындағы экономикалық байланыстардың қарқынды өсіп келе жатқанын айтып өтті. Екі ел арасында өзара пайдалы әрі мүдделі бағыттар көп болғандықтан Қазақстандық парламентші Бельгия іскерлерінің компанияларын «ЭКСПО – 2017» қатысуға шақырды.

Кездесу барысында Еуроодақ елдерінің Орталық Азиямен байланысындағы өзекті бір мәселе –  Ауғанстандағы жағдайларға да назар аударылды.

Мәжілістің аталған комитеті қазақстандық саясаттың құрамы мен жүйесін басқа мемлекеттерге әлеуметтік, экологиялық қауіпсіздік аймақтың маңызды халықаралық жобаларын жүзеге асыруға бағытталған  «Дамуға ресми көмек туралы» жаңа заң жобасымен жұмыс жасап жатқанынан мейманды хабардар етті.

 

(Сәуле Досжанова. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі