Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
30.09.2014

АРНАЙЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ЫҚПАЛДАСТЫРЫЛҒАН МОДЕЛІН ЕНГІЗУ ЖАҒДАЙЫНДА ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ


АРНАЙЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ЫҚПАЛДАСТЫРЫЛҒАН МОДЕЛІН ЕНГІЗУ ЖАҒДАЙЫНДА ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

 

Астана. 30-қыркүйек. Мәжіліс үйі.  Бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-Мәдени  даму комитеті арнайы әлеуметтік қызметтердің ықпалдастырылған моделін енгізу жағдайында халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде заңнаманың әрі қарай даму жолдары туралы көшпелі отырыс өткізді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде өткен шараға аталған комитет хатшысы, Майра Айсина төрағалық етіп, басты мақсат – аталған жүйедегі заңнаманы одан әрі жетілдіру жолдарын жан-жақты талқылап, ұсыныстар енгізіп, жүзеге асыру екенін жеткізді.

Тақырып төңірегінде баяндама жасаған Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігі вице-министрі Светлана Жақыпова арнайы әлеуметтік көмектің қолданыстағы стандарттарын баяндай келіп, әлеуметтік қызметтердің ықпалдастырылған моделінің қажеттілігіне тоқталды. Ол көмекке зәру отбасының өзекті сұрақтарын кешенді түрде шешуге, тиісті құрылымдар жұмысын бір жерге шоғырландыруға, қиыншылықтардың алдын-алуға жол ашады.  

Ол бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен арнайы әлеуметтік қызметтердің ықпалдастырылған моделін жергілікті деңгейде қолданысқа енгізу, отбасының, тұлғаның, қажеттілігін анықтау, бағалау тәсілін пайдалану, бірлескен шешім қабылдау жүйесі мен үдерістерін әзірлеу және құрылым аралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.

Шара барысында аймақтармен бейне байланыс орнатылдыОсы жолда қолға алынуға тиісті шаралар мен болашақ жоспарларға қатысты жиын соңында арнайы ұсыным әзірленді.

Жиынға Мәжіліс депутаттары - Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері, тиісті министрліктер басшылары, ЮНИСЕФ және ҚР мүгедектер қоғамдық ұйымының өкілдері қатысты.   

(Зәмеш Кеңесқызы,-74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі