Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
27.10.2014

МӘЖІЛІСМЕНДЕР ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫТАЙДА


МӘЖІЛІСМЕНДЕР ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫТАЙДА  

 

Астана, 27 қазан, Мәжіліс үйі. 27- 28 қазанда Палата Төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева бастаған ҚР Парламенті Мәжілісінің делегациясы Қытай Халық Республикасында болады.   

Делегация құрамында Мәжіліс депутаттары Гүлнар Иксанова, Гүлмира Исімбаева, Надежда Петухова, Алдан Смайыл және Светлана Ферхо бар.   

Сапар бағдарламасы аясында Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты Комитетінің төрағасы Чжан Дэцзянмен, Қытайдың шетелдермен достық қоғамының төрағасы Ли Сяолиньмен, ҚХР әлеуметтік қамсыздандыру және еңбек ресурстары министрі КНР Инь Вэйминмен, Қытай білім министрі Юань Гуйжэнмен кездесу жоспарланған.  

Сондай-ақ бірқатар әлеуметтік нысандарға бару, сонымен бірге, ҚР Тұңғыш Президенті қоры және Қытайдың шетелдермен достық қоғамы арасында ынтымақтастық туралы Келісімге қол қою жоспарланып отыр.   

 

(Зәмеш Кеңесқызы – 74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының баспасөз қызметі)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі