Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
15.07.2015

Қ. ЖАҚЫПОВ ЗАҢ ЖОБАЛАРЫНЫҢ САПАСЫНА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕГЕ ТОҚТАЛДЫ


Қ. ЖАҚЫПОВ ЗАҢ ЖОБАЛАРЫНЫҢ САПАСЫНА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕГЕ ТОҚТАЛДЫ

 

Астана, 15 маусым, Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов тағы бір мәрте заң шығармашылық жұмысының сапасын көтеру қажеттілігін еске салды.

Осы ретте Қ. Жақыпов Үкімет жұмысындағы оң қадамдарды алға тарта келіп, соның ішінде, Әділет министрлігінің жаңа бастамаларына тоқталды. Мәжіліс Төрағасы жемісті жұмыстармен қатар,  олқы тұстарды да назардан тыс қалдырмады. Атап өткеніндей, Үкіметтен Мәжіліске түсетін заң жобаларының 70 пайызы бойынша тіркелгенге дейін жұмыс жалғасады.

Мәжіліс Спикерінің пікірінше, заң жобаларының сапасының сын көтермеуіне құжатты әзірлейтін министрліктердің өз саласындағы жағдайға тереңдете жүйелі талдау жасамайтындығы, заңды дайындау сатысында тиімділігін жете болжамауы, мүмкін болатын тәуекелдерді бағамдамауы, қоғам пікірін ескермеуі, мықты кәсіби қауымдастықты тартпайтындығы себеп болып отыр.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, төртінші сессия барысында 206 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Қ. Жақыпов:

- Депутаттар мен сарапшылардың айтуынша, заңнамаға осыншалық жиі түзетулер енгізілуінің негізгі себебі – Үкіметтің Парламент депутаттарының өкілдік-заң шығармашалық әлеуетін толықтай пайдаланбайтындығы, олардың заңнамалық бастамаларын нақты жүзеге асырудың обьективті шарттарының жотығы  - деп атап өтті.  

Одан әрі Төраға: 

- Мәжіліс қабылдаған үкіметтік заң жобаларының әрбір үшіншісінің мазмұны 50 пайызға, кейде одан да жоғары деңгейде өзгеріске ұшырайды. Жекелеген жағдайларда (ратификацияны қоспағанда) заң жобасы бірқатар заңдардың күші жойылуы көзделген нормаларының өзара байланыспаған механикалық жиынтығын ғана білдіреді – деп атап өтті.

Сонымен қатар, заң жобасын әзірлеумен айналысатындарда заңды жүзеге асырудың нақты тетіктерінің жоқтығы, мемлекеттік органдар әрекетінің үйлестірілмейтіндігі өзекті сұрақтардың бірі. Ол өз кезегінде бір норманың әртүрлі заң жобаларында қайталануына немесе қарама-қайшылықтардың туындауына жол береді. 

- Заң, егер ол, тіпті, көкейтесті мүдделерді қамтып тұрса да, автоматты түрде өздігінен жұмыс істеп кете бермейді. Бізде барлық заңдар өздеріне қажетті заңға тәуелді актілерді дер кезінде қабылдап-қолданумен ұштаса бермейді, мұның өзі заңның пайдалы әсерін кемітіп, құқықтық вакуум қалыптастырады – деп толықтыра түсті Мәжіліс Төрағасы.

Спикердің айтуынша, үкіметтік қорытындыларды берудің заңмен бекітілген мерзімін сақтамау да маңызды мәселелердің бірі.

Қ. Жақыпов кейде депутаттардың ұсыныстары мен ескертулері әзірлеушілер тарапынан қолдау таппай, үкіметтің формальды қорытындыларымен кейінге шегеріліп жататындығына назар аударды.

- депутаттық бастамаларды орындау көп жағдайда құқықтық салада қайшылықтардың орын алуына жол бермейді. Нәтижесінде, Парламент бір заңға бірнеше рет өзгерістер енгізбейтін еді,-деді Қ. Жақыпов.

 

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі