Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
22.07.2015

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ – РАХЫМЖАНОВ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА


МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ –

РАХЫМЖАНОВ  АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА

 

 

Астана, 22 шілде, Мәжіліс Үйі.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының фракция мүшесі Әмірхан Рахымжанов  жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды.

«Нұр Отан» партиясының облыстық  филиалында Әмірхан Рақымжанов партия құрамындағы депутаттық фракция мүшелерімен, , мемлекеттік мекеме басшыларымен, соғыс ардагерлер кеңесімен және БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді.

Мәжіліс депутаты Әмірхан Мұратбекұлы әуелі «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша іске қосылған 320 орындық көпсалалы облыстық ауруханының жұмысымен танысты, халық денсаулығын жақсартуда аурухана мүмкіндігінің мол екеніне көз жеткізіп, жұмысын жүйелі жолға қойған бас дәрігерге ризашылығын білдірді. Елімізде медицина саласына айрықша көңіл бөлініп жатқанын айтты. 

Сонымен қатар, Мәжіліс депутаты Батыс-2 ықшам ауданындағы «Достық» су спорты орталығында және бой көтерген үш қабатты «Айлин» балабақшасына барды. Балабақшаның жалпы алаңы 3714,6 шаршы метр. 300 орындық ғимаратта 12 топ қамтылған. Мектепке дейінгі ұйым заманауи талаптарға сай және тәрбиеленушілерге жоғары деңгейдегі жағдай ұсынатын жобамен жасалған. Заманауи үлгіде жабдықталған ғимараттың дербес трансформаторлық станциясы мен жылыту қазандығы бар. Депутат балабақша жұмысына оң баға берді.

Содан соң депутат «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасымен салынған «Ақтөбе Сити» шағынауданын аралап көрді.

 Шағынауданда салынып жатқан мектеп пен балабақшаның құрылысымен танысты.

 

Әмірхан Рақымжановтың жұмыс сапары 17 шілдеде Алға ауданында жалғасты.

Бесқоспа ауылының 60 балаға есептелініп салынып жатырған Бесқоспа орта мектебінің құрылысымен танысты. 8 оқу бөлмесі, спорт залы, 2 шеберханасы мен асханасын аралап көрді.

Алға қаласының «Қол жетімді баспана– 2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға 2 қабатты 4 үй салынған болатын. Пәтерлер бюджет қызметкерлері мен аз қамтылған отбасыларға берілген.

Содан соң, жаңғырту бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өткен үйлерді аралап көрді. Тұрғындармен кездесіп, бағдарламаның тиімді тұстарын әңгімеледі.

Депутат ауданның бірқатар медицина мекемелерінде болып  жұмысымен танысты. Бұдан кейін силикат кірпіш, минералды мақта, базальтты қиыршық тас, газ-бетонды блоктар дайындайтын  «Базальт А» және «Силикат А» ЖШС-де болды. Сондай-ақ Қандыағаш қаласындағы балабақшаға аялдауды да ұмытпады.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі