Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
27.11.2015

МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫ ҚЫРҒЫЗСТАН ЖӘНЕ АУҒАНСТАН ПАРЛАМЕНТТЕРІ СПИКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ


МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫ ҚЫРҒЫЗСТАН ЖӘНЕ АУҒАНСТАН ПАРЛАМЕНТТЕРІ СПИКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

 

Астана, 27 қараша, Мәжіліс үйі. Санкт-Петерборда ҰҚШҰ және ТМД парламентаралық ассамблеялары шаралары аясында Мәжіліс Төрағасы бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.  

Қырғызстан Парламентінің Спикері Асылбек Жээнбековпен кездесу барысында Қ. Жақыпов әріптесін Жогорку Кенештің алтыншы шақырылымының төрағасы лауазымына сайлануымен құттықтай келе, Қырғызстан Парламенті делегациясын 3-4 желтоқсанда жоспарланған ТүрікПА Парламенттік Ассамблеясы шараларына қатысу үшін Астанада күтетінін жеткізді.  

Асылбек Жээнбеков қазақстандық-қырғызстандық парламентаралық қарым-қатынас деңгейін жоғары бағалады және Қырғызстанның ЕАЭО құрамына кіру ниетін қолдағаны үшін ризашылық білдірді.

Ал, Ауғанстан Ұлттық Ассамблеясы Волеси Джирга Төрағасы Абдулла Рауф Ибрагиммен кездесу барысында осы елде бейбітшілік пен тұрақтылық орнату әңгіме өзегіне айналды.

Ауғанстан парламенті өкілдері көрсетіліп жатқан гуманитарлық көмек үшін Қазақстанға алғысын білдірді.  

Қабиболла Жақыпов 8-желтоқсанда Исламабаде өтетін «Азия жүрегі - Стамбұл үдерісі: қауіпсіздікке төнетін қатерлерге қарсы іс-қимыл жөнінде ынтымақтастықты нығайту және экономикалық байланыстарға ықпал ету» тақырыбындағы 5-министрлік конференциясы жағдайды тұрақтандыруға тың серпін беретініне сенім білдірді.

 

(74-63-02. ҚР Парламенті Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі