Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
25.12.2015

ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ АТЫНДАҒЫ № 123 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ МӘЖІЛІСТЕ


ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ АТЫНДАҒЫ № 123 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ МӘЖІЛІСТЕ

 

Астана, 25 желтоқсан.Мәжіліс Үйі.

Алматы қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы № 123 мектеп-гимназиясының оқушылары Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясы жетекшісінің орынбасары Нұртай Сабильяновтың арнайы шақыруымен Астанаға саяхаттап келіп, Қазақстан Республикасы Парламенті ғимаратын аралап көрді.

Кездесу барысында «Нұр Отан» партиясы Саяси Кеңесінің Бюро мүшесі – Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов қазақстандық патриотизм рухын асқақтатып, оқушыларға Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке ие болу сәтінен сыр шертетін тарихи оқиғалар туралы айтып берді. 

 Сонымен бірге депутат Нұртай Сабильянов келген оқушыларға қазақстандық парламентаризмнің даму тарихы туралы әңгімелеп, Парламент ғимаратын аралатып көрсетті.  

Парламент ғимаратымен танысқан оқушылар естелік фото-суреттерге түсті. Енді олар  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент музейін, Тәуелсіздік сарайын, Бейбітшілік пен Келісім сарайын және басқа да Астананың көрікті жерлерін тамашалайды.    

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі