Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
28.04.2016

МӘЖІЛІС - «КОЛЛЕКТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ» - дөңгелек үстел өтті


МӘЖІЛІС - «КОЛЛЕКТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ» - дөңгелек үстел өтті

 

28 сәуір, Астана, Мәжіліс Үйі.

 

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің ұйымдастыруымен «Коллекторлық қызмет туралы» заң жобасына дөңгелек үстел болды. Шараны Мәжіліс депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсова жүргізді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков  пен Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының Басқарма төрағасының кеңесшісі Наталья Катенко баяндама жасады.

    Дөңгелек үстелде талқыланған «Коллектрлік қызмет туралы» заң жобасында коллекторлық қызмет нарығын дамыту, борышкерлер мен тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, берешекті өндіріп алу жұмысында тиімділікті және қауіпсіздікті арттыру шаралары дәйектелген. Құжатты дайындап ұсынған Ұлттық банктің мәлімдеуінше, заң жобасы қабылданған жағдайда коллекторлық  қызметтер нарығын одан әрі дамыту үшін жағдайлар жасалуы, тұтынушылардың, сондай-ақ борышкерлердің құқықтық білім деңгейінің көтерілуі, коллекторлық агенттіктер ретіндегі делдалдар институтын қалыптастырып және коллекторлық көрсетілетін қызметтер нарығының қолжетімділігі мен айқындылығына қол жету, кредиторларды, сондай-ақ борышкерлерді құпия ақпаратты жария етуден сақтау, борышкерлермен жұмыс істеу барысында пайдаланылатын ақпараттың жеткілікті дәрежеде қорғалуын қамтамасыз ету, бір мезгілде мәжбүрлеп өндіріп алу (атқарушылық іс жүргізу) рәсімін азайта отырып, кредиторлардың сотқа жүгінуін төмендету күтіліп отыр.

Заң жобасында мынадай мақсаттар белгіленеді:

1.   Коллекторлық көрсетілетін қызметтер нарығын дамыту үшін қолайлы құқықтық жағдайлар жасау.

2. Берешекті өндіріп алу жұмысында тиімділікті және қауіпсіздікті арттыру.

3. Борышкерлердің құқықтары мен мүдделерін коллекторлық агенттіктердің тарапынан болатын заңсыз іс-әрекеттерден қорғау.

4. Коллекторлық қызметтің айқындылығын арттыру.

5. Халықтың сенімін арттыру.

6. Әлеуметтік шиеленісті төмендету.

7. Коллекторлық қызметті реттеу.

Заң жобасы коллекторлық қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

Заң жобасының негізгі міндеттеріне коллекторлық көрсетілетін қызметтер нарығын дамыту, борышкерлер мен тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, коллекторлық агенттіктер қызметінің айқындылығын арттыру, берешекті өндіріп алу жұмысында тиімділікті және қауіпсіздікті арттыру жатады.

 

***

Заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі –  депутат Анар Жайылғанова. Енді депутаттар ұсыныстарын жұмыс тобына жазбаша түсіріп, отырыстарда одан әрі талқылайтын болады.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі