Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
25.05.2016

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҮКТЕМЕНІҢ АЗАЮЫНЫҢ МҮМКІНДІГІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ АЛАҢДАУШЫЛЫҚ БІЛДІРУЛЕРде НЕГІЗ БАР


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҮКТЕМЕНІҢ АЗАЮЫНЫҢ МҮМКІНДІГІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ АЛАҢДАУШЫЛЫҚ БІЛДІРУЛЕРде НЕГІЗ БАР

 

 

Астана, 25 мамыр, Мәжіліс Үйі.

Мәжілісте Палата Спикері Бақтықожа Ізмұхамбетовтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутат Наталья Жұмаділдаева Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке  депутаттық сауал жолдады.

 

«Өңірлерге шыққан сапар барысында мұғалімдермен және ата-аналар қауымымен кездесулер кезінде білім берудің алдағы реформасы бойынша бірқатар мәселелер көтерілді.

Айталық, бастауыш сынып мұғалімдерінің 12 жылдық білім беруді енгізгенде, педагогикалық жүктеменің азаюының мүмкіндігіне байланысты алаңдаушылық білдірулерінің негізі бар. Оқушыларға жүктеменің жоғары екені белгілі, үлгілік оқу жоспарына сәйкес 26 сағатты (24 сағат инвариативті (тұрақты) бөлім және 2 сағат вариативті бөлім) құрайды. Соның ішінде бастауыш сыныптардың мұғалімі 15-16 сағат сабақ бере алады (біріктірілген алғашқы тіл және әдебиет – 6 сағат, математика – 4 сағат, ғылымға кіріспе – 2 сағат, әлемді тану – 1 сағат, өзін-өзі тану – 1 сағат және оқушыларды таңдау жағдайында – 2 сағат вариативті құрамдауыш).

ЖОО-да немесе колледжде мұғалімге «бастауыш сыныптардың мұғалімі» деген біліктілік беріледі, нәтижесінде екінші (3 сағат) және шет (2 сағат) тілдер, «Өнер» біріктірілген пәні (2 сағат), дене шынықтыру (2 сағат), ақпаратты-коммуникативтік технология (1 сағат) сияқты пәндерден тиісті біліктілігі бар мұғалімдер сабақ береді. 

«Білім туралы» Заңға сәйкес мұғалімнің мөлшерлемесі 18 сағатқа тең, ал жоғарыда айтылған ақпарат бастауыш сыныптардың мұғалімі мұндай оқу жоспары кезінде мөлшерлемеден төмен жүктемеге ие болуы мүмкін екендігін көрсетеді, ол жалақының азаюына әкеп соқтырады.

Жалпы білім беретін мектептерде Назарбаев зияткерлік мектебі (НЗМ) бағдарламасына бейімделу бойынша біраз мәселелер туындап отыр. Бүгінде республика бойынша 30 пилотты мектеп оқу жылын аяқтады, эксперименттің қорытындылары бойынша жария есеп жоқ, алайда 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстанның мектептерінде НЗМ бағдарламасын енгізу туралы шешім қабылданғаны белгілі. Егер НЗМ есебін негізге алатын болсақ, ол  істің нақты дәрежесін көрсетпейді, өйткені Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының контингенті конкурстық негізде қалыптастырылады, ал жалпы білім беретін мектепте қабілетіне және мектепке дейінгі дайындық деңгейіне байланысты емес, 6 жасқа толған оқушылар оқиды. Олардың оқуымен  конкурс арқылы өткен мұғалім емес, жоспар бойынша 1 сыныпты қабылдауға тиіс мұғалім айналысады.  Бірақ, мұғалімдердің басым бөлігі үш деңгейлі курстан өткен жоқ және барлығы бірдей НЗМ деңгейінде  сабақ беру әдістемесін қажетті дәрежеде меңгермегені анық.

Ауылдарды педогогикалық кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі әлі де өзекті күйінде қалып отыр. Тіпті «Ауылға дипломмен» бағдарламасы да кейбір өңірлерде жас мамандарға әлеуметтік қолдаудың жеткіліксіз болуынан педагогикалық кадрлар тапшылығы мәселесін әрдайым шеше бермейді.

Осы тұста, әлі де қолайлы емес жағдайда, біз серпінді қадамға, яғни – үш тілдік оқуға көшуге талпыныс жасап отырмыз. Үш жыл ішінде үш тілді меңгермеген, есесіне өз пәні мен сабақ беру әдістемесін жетік білетін және сапалы білім беретін бірқатар өте білікті мұғалімдер зейнеткерлікке кетеді. Әрине олардың  орнына жаңа мұғалімдер келетіні сөзсіз, бірақ мұғалім мамандығын армандайтындар жастардың қатары азайып бара жатыр.  Жалақысының төмендігі, қыруар ісі, жұмыс күнінің уақыт тәртібіне бағынбайтындығы мен таусылмайтын есеп берушілігіне орай мұғалім мамандығының құрметті емес екендігі ешкімге де құпия емес.

Материалдық-техникалық жабдықтау мемлекеттік білім беру стандартын орындаумен тікелей байланысты. Оқу жоспарына сай сабақ беру үшін, тиісті материалдық-техникалық базаны талап ететін «Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар», «Ғылымға кіріспе», «Өнер» біріктірілген пәні сияқты жаңа пәндер пайда бола бастады. Баршаңызға белгілі, НЗМ жабдықталу деңгейі туралы айтпағанның өзінде, жалпы білім беретін мектептердің басым бөлігінің материалдық-техникалық базасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 97 бұйрығының Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы») талаптарына сәйкес келмейтіндігі белгілі. Мысалы, ҚР-дағы мектептердің небәрі 55 %-ы химия, физика, биология кабинеттерімен жабдықталған, олардың көбі ескірген не зертханалық материалы түгесілген.

                Реформаның тағы бір жанға бататын мәселесі – «тәуекел тобы» балаларының және бес күндік апта кезінде девианттық отбасылардан шыққан балалардың қамтылуы.

Қосымша білім беру мекемелері желісінің әлсіз дамуы (ҚР-да балалардың небәрі 25%-ы үйірме және секциялық жұмыстарымен қамтылған) жасөспірімдер ортасында құқық бұзушылықтар артуының нақты қаупі болып табылады.

                Жоғарыдағы айтылғандарды ескере отырып, Сізден келесі сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймын:

1.     Бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық жүктемелерінің сақталуы мәселесін шешуді қалай жоспарлап отырсыздар?

2.     Егер мұғалімді сенбі күні оқушының тынығу қызметін қамтамасыз ететін болса, онда педагогқа осы білім беру қызметінің қосымша ақысы қарастырыла ма?

3.     Білім және ғылым министрлігі жақын арада мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту мәселесін шешуді қалай жоспарлап отыр?

4.     Ауылдық жерлерде жұмыс жасағысы келетін мұғалімдерге қандай қосымша материалдық қолдау шараларын қарастыруды жоспарлап отырсыздар?».

                 

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі