Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
29.06.2016

ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ЫСТАМБУЛДА БОЛҒАН ЛАҢКЕСТІККЕ БАЙЛАНЫСТЫ КӨҢІЛ БІЛДІРДІ


ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ЫСТАМБУЛДА БОЛҒАН ЛАҢКЕСТІККЕ БАЙЛАНЫСТЫ КӨҢІЛ БІЛДІРДІ

 

Астана, 29 маусым. Мәжіліс Үйі.

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Түркияның Ұлы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Исмаил Кахраманға Ыстамбулда болған лаңкестікке байланысты көңіл білдірді.

«Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының атынан және жеке өз атымнан Ыстамбұл қаласында үлкен адам шығындарына алып келген жарылыстардың нәтижесінде қаза тапқандардың отбасының қайғысына ортақтасып көңіл айтамын.

Біз қандай түрде және көріністерде болмасын лаңкестікті айыптаймыз.

Төраға мырза, қаза тапқандардың туған-туыстарына біздің шынайы жанашырлығымызды жеткізуіңізді сұраймын»,- деп атап өтті Нығматулин.

 

(Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі