Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
05.07.2016

ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ


ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ

 

 

Астана. 5-шілде. Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаттары Берік Оспанов, Құдайберген Ержан, Уәлихан Қайназаров Оңтүстік Қазақстан облысына іс-сапармен келіп,  Шымкент қаласы Тассай елді мекеніндегі «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан Тассай индустриалдық аймағы құрлысымен танысты.

                Тассай индустриялық аймағында 18 жоба жүзеге асырылып, 1500-ге жуық жұмыс орны ашылмақ. Бұл жерде негізінен жиһаз және медициналық құрылғылар өндіріледі деп жоспарланған. Қазіргі таңда екі жоба жүзеге асса, жыл соңына дейін тағы да үш кәсіпорын іске қосылады деп күтілуде.

  Мәжіліс депутаттары «Тассай» индустриялық аймақтағы жобалық құны 345 млн. теңгені құрайтын «Mega SMART» ЖШС-нің өндіріс қуатын көріп, жұмысшылармен тілдесті.

Сол күні Мәжіліс депуттары №11 спорт мектебінің ұжымымен кездесті.  Кездесу барысында халық қалаулылары парламенттің заң шығармашылық жұмыстары, «100 нақты қадам»  Ұлт Жоспары, «Мәңгілік ел» патриоттық актісі жайында әңгіме өрбітті.

Сондай-ақ,  «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында болып,  фракция жанындағы комиссия отырысында «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалу барысын талқылады.

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі