Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
13.07.2016

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА АГРАРШЫЛАРДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ


АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА АГРАРШЫЛАРДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 

 

Астана, 13 шілде, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Жексенбай Дүйсебаев Ақмола облысында Бұланды ауданының аграршылармен кездесті.

Капитоновка ауылдық округінде орналасқан «Журавлевка-1» ЖШС-да өткен кездесуде заңнамаға дайындалып жатқан өзгерістер, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары төңірегінде әңгіме қозғалды.

Ауыл тұрғындарының алаңдаушылығын туғызатын өзекті мәселелердің бірі – жайылымдардың тапшылығы. Мәжіліс Депутаты атап өткендей, қазіргі уақытта жайылымдар туралы жаңа заң жобасы жұмысқа алынды, оның қабылдануы осы проблеманы шешуге мүмкіндік береді.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдары жайлы айта келе, Ж. Дүйсебаев  2018 жылдан бастап заңнамадағы өзгерістерге байланысты олардың өз бюджеттерi болатынын және олар оны өз қажеттіліктеріне қарай өз бетінше бөлетіндерін хабарлады.

Түстен кейін Ж. Дүйсебаев «Нұр Отан» партиясы филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Сайлаушылармен кездесу барысында өзекті әлеуметтік мәселелер көтерілген болатын. Оларды Мәжіліс Депутаты өз бақылауына алды.

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі