Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
01.09.2016

Алтыншы сайланған Қазақстан Парламентінің екінші сессиясы өз жұмысын бастады


 

Алтыншы сайланған Қазақстан Парламентінің екінші сессиясы

өз жұмысын бастады

 

 

Астана, 2 қыркүйек, Мәжіліс Үйі. Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтті.

Президент жаңа сессияның ашылуын ресми жария еткеннен кейін еліміздің әнұраны орындалды. Одан әрі Елбасы мемлекетіміз дамуының бүгіні мен болашағына қатысты өзекті мәселелерді алға тарта келіп, маңызды бастамаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жөнінде халық қалаулылары алдына нақты міндеттер жүктеді.

Отырысқа төрағалық еткен ҚР Парламенті Мәжілісінің Спикері   Н. Нығматулин барлық депутаттар атынан Елбасына Парламенттің екінші сессиясын ашып, алдағы жұмыстың басым бағыттарын белгілеп бергені үшін зор алғыс білдірді.

Бірлескен отырысқа еліміздің Премьер-Министрі, Мемлекеттік хатшысы, Президент Әкімшілігінің басшысы, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың және Орталық сайлау комиссиясының төрағалары, барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

 

(Зәмеш Кеңесқызы – 74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі