Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
15.02.2017

Мәжіліс 2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулер енгізуге қатысты заң жобасын мақұлдады


Астана, 15 ақпан. Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілістің кезекті жалпы отырысы өтіп, Палата 2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджетке  түзетулер енгізуге қатысты заң жобасын мақұлдады. Әуелі жұмысқа алынған заң жобасын Мәжіліс депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсова қарау үшін бүгінгі   күн тәртібіне енгізу  туралы  ұсыныс жасады. Күн тәрбініде соңғы мәселе ретінде қаралған заң жобасы біраз талқылаудан кейін депутаттар тарапынан қолдау тапты.

2017 жылдарға арналған республикалық бюджетті талқылаудың себептері 2016 жылдың іс жүзіндегі қорытындылары негізінде аталған есептерді нақтылау, ағымдағы жылдың макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамын түзету және ең бастысы Мемлекет басшысының  Жолдауда айтқан экономиканы жаңғырту жөніндегі кезек күттірмейтін шараларды іске асыру болып табылады.

Нақтыланған бюджеттің жобасы әлеуметтік тұрғыға бағытталған және 1 шілдеден бастап 2 миллионнан астам зейнеткер үшін зейнетақы мөлшерін көтеруді, сондай-ақ ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап бала тууға байланысты біржолғы төленетін мемлекеттік жәрдемақының мөлшерін арттыруды көздейді. Сонымен қатар, бұл бюджетте экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы және бизнес ортаны жақсарту, негізгі үш бағыт - білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау бойынша жүзеге асырылатын адами капиталдың сапасын жақсарту, діни экстремизмге және терроизмге қарсы іс-қимыл, экономикалық қауіпсіздікті және киберқорғауды қамтамасыз ету сияқты маңызды бағыттарға назар аударылған.

Жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары   құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістерді  бірінші оқылымда қарады. Заң жобасы қылмыстық қудалау және прокуратура органдарының өкілеттіктерін анағұрлым нақтылауға, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталып отыр.

                Алайда, Мәжіліс Төрағасы заң жобасының айыппұлдарды көтеруге қатысты тұсын қатаң сынға алды.         

Тақырып төңірегінде Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель баяндама жасаған болатын.

 Нақтылай кететін болсақ, заң жобасы аясында 379-баптың 1-бөлігімен белгіленген айыппұл көлемін 100 АЕК-тен 200-ге дейін (454 мың теңгені құрайды), 380-баптың 1-бөлігімен салынатын айыппұл көлемін 2000 АЕК-тен 5000-ға дейін (11 миллион теңгеден астам) дейін көтеру ұсынылады.

                Мәжіліс Спикері құқық қорғау және арнаулы органдар қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын қорғаудың қажеттілігін алға тарта келіп, алайда, айыппұл мөлшерін арттыру қылмыстар санының азаятынына кепілдік бермейтіндігін баса атап өтті.

- Елбасы ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар үшін жазаны жеңілдету туралы міндет қойып отыр. Оны жүзеге асырудың орнына заң жобасында айыппұлдарды қатаңдату ұсынылған. 11 миллион тенгеге дейін! Аймақтарда өткен кездесулерде біздің сайлаушылар әртүрлі айыппұлдардың көлеміне қатысты көптеген сұрақтар қойды.

Сонымен бірге, Елбасы тапсырмасына қайшы болғандықтан, біз бұл түзетумен келіспейміз.  Сондықтан,  тағы да бірлесе жұмыс жасап, екінші оқылымға дейін тиісті талапқа сәйкестендіру керек,-деді Н. Нығматулин.

Осы күні депутаттар бастамашы болған қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру мәселелеріне арналған заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды.

Онда бас бостандығын шектеу, қоғамдық және түзеу жұмыстары сияқты жазалау түрлерін реформалау қылмыстық-атқару жүйесі органдарының басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібіне толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі.  

Қылмыстық-атқару кодексімен жазалауды даралау жүйесі, сотталғандардың жұмысқа орналасуын көтермелеу сияқты жаңалықтардың енгізілуіне байланысты жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру, кәсіби оқыту жүйесі органдарының, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің жұмыс тәртібіне өзгерістер енгізу қажеттігі туындайды.

Ал, экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер полигондарда көмуге тыйым салынған қалдықтардың түрлерін, сондай-ақ осы түрлерді реттейтін нормалардың редакциясын нақтылауға, шахта суын жинақтауыштарға төгу саласындағы коллизияларды жоюға, уәкілетті органға парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттерінің тізбесін әзірлеу мен бекітуге және парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының қолданылу кезеңін айқындауға құзырет беруге, құрылыс материалдарының қалдықтарын және тамақ қалдықтарын қоса алғанда, бірқатар қауіпсіз емес қатты тұрмыстық қалдықтарды полигондарда көмуге тыйым салуды көздейтін нормалардың қолданылуын 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін тоқтата тұруға байланысты өзгерістерді қамтиды. Бұл заң жобасы бүгін екінші оқылымда мақұлданды.

Осы күні Мәжіліс екінші оқылымда мақұлдаған азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері үлестік меншікті иелену, пайдалану және оған билік ету мәселелерінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында мүлікті белгіленген тәртіппен бөліп шығару мүмкін болмаған жағдайда соттың оны жария сауда-саттықта сатуы туралы шешім қабылдауы бойынша императивті норма белгіленеді. Заң жобасының негізгі жаңалығы азаматтық мәмілелерді дауланатын және маңызсыз мәмілелерге бөлуді заңнамалық тұрғыдан регламенттеу болып табылады.

 

(Зәмеш Кеңесқызы – 74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі