Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
10.03.2017

Мәжілісте Үкімет сағаты болады


Астана, 10 наурыз, Мәжіліс Үйі. Дүйсенбі, 13 наурыз күні Мәжілісте «үкімет сағаты» болады.

                Тақырыбы - «Қазақстан Республикасының 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі мүшелігінің басымдықтары туралы».

                Баяндамашы - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі министрі Қайрат Әбдірахманов.

«Үкімет сағаты» шеңберінде Мәжілістің жалпы отырыс залының фойесінде көрме ұйымдастырылады.

Отырыс, дүйсенбі күні, 13 наурызда сағат 10-00-де Мәжілістің жалпы отырыс залында өтеді, үшінші қабат.

 

                (Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісінің  Баспасөз қызметі таратты).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі