Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
15.03.2017

Мәжілісте электр энергетикасы мәселелері бойынша дөңгелек үстел болады


Астана, 15 наурыз, Мәжіліс Үйі. Ертең, 16 наурызда Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті дөңгелек үстел өткізеді.

Тақырыбы - электр энергетикасы мәселелері бойынша заң жобасының тұжырымдамалық негіздері.

Отырыста  энергетика вице-министрі Жақсалиев Б.М., Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының м.а. Майтиев А.Б және заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі – Мәжіліс депутаты Өтемісов Ш.Ә. баяндама жасайды деп күтілуде.

Дөңгелек үстелдің жұмысына энергетика, ұлттық экономика, қаржы, ауыл шаруашылығы, әділет министрліктерінің, Қазақстан электр энергетика қауымдастығы, «KEGOC» АҚ, «КОРЕМ» АҚ және энергетика саласындағы басқа да бірлестіктер мен ассоциациялардың өкілдері қатысады.

Дөңгелек үстел 2017 жылғы 16 наурызда, Мәжіліс ғимаратында, А-313 кабинеті, сағат 11.00-де өтеді.

 

(Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісінің Баспасөз қызметі таратты, 24-38-22)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі