Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
27.03.2017

Мәжіліс делегациясы ТМД ПА құрылғанына 25 жыл толған салтанатты жиынға қатысуда


Астана, 27 наурыз, Мәжіліс Үйі.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің делегациясы 26-28  наурызда Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы)  ТМД Парламентаралық Ассамблеясының жоспарлы іс-шаралары және Ассамблеяның құрылғанына 25 жыл толуына орай өтетін салтанатты жиынның жұмысына қатысуда.

Делегацияны Палатаның Халықаралық істер қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев бастап барды. Бағдарлама бойынша қазақстандық парламентшілер ТМД ПАА Кеңесінің отырысына, ТМД ПАА тұрақты комиссиясының қырық алтыншы пленарлық отырысына, сондай-ақ, ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысына қатысатын болады.

Сонымен бірге ТМД Парламентаралық Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толуына орай өтетін салтанатты жиынға да қатысады.

Мәжіліс делегациясына  ТМД ПАА мен  ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы бірлесіп ұйымдастырған халықаралық терроризммен күрес бойынша Парламенттік конференция жұмысына қатысу да жоспарланған.

Дүйсенбі күні Мәжілістің Комитет төрағасы Мәулен Әшімбаев ТМД ПАА тұрақты комиссиясының халықаралық ынтымақтастық пен саяси мәселелер бойынша жұмысына қатысты.

Сейсенбі күні М.Әшімбаев  Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің және Корей Республикасы Ұлттық жиналысының делегацияларымен кездеседі.

ТМД ПАА тұрақты комиссиясының отырыстарына Мәжіліс депутаттары Ә.Бектұрғанов, А.Жамалов, Е.Козлов, К.Мұсырман. Ж.Жарасов, О.Шишигина қатысатыны күтілуде.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі