Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
29.03.2017

Мәжілісте бюджеттік заңнама мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтеді


Астана, 29 наурыз. Мәжіліс Үйі.

 

Ертең, 30 наурыз күні Мәжілістегі Конференц-залда, сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсованың жетекшілігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын іске асыру жайында дөңгелек үстел өтеді.

Онда Ұлттық экономика вице-министрі Мадина Әбілқасымова «Мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру», Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов «Бюджеттік шығыстардың тиімділігін арттыру», Инвистиция және даму вице-министрі Роман Скляр «2016 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің стратегиялық жоспарын және меморандумын іске асыру туралы»,- деген тақырыптарда  баяндама жасайды.

Парламентшілермен бірге шараға Есеп комитетінің, үкіметтік емес ұйымдардың, Қазақстан салық төлеушілері ассоциациясының, ҚР аудиторлар палатасының, Қазақстан қаржыгерлері ассоциациясының және «Атамекен» ҚР кәсіпкерлері ұлттық  палатасының өкілдері қатысатын болады.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі