Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
30.03.2017

Мәжілісте ҚР кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша дөңгелек үстел болды


Астана, 30 наурыз. Мәжіліс Үйі.

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсованың жетекшілігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды іске асыру жайында дөңгелек үстел өтті.

Аталған  Заңы 2015 жылғы 12 қарашада бекітілген.

Заң  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес  институцоналдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі "100 нақты қадам" Ұлт жоспарының 91, 92, 93-қадамдарын іске асыруға, сондай-ақ жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын, Мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру тұжырымдамасы мен Есеп комитетінің ұсынымдарын одан әрі іске асыруға бағытталған.

Дөңгелек үстелде Ұлттық экономика вице-министрі Мадина Әбілқасымова Мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіружайында таратып айтып берді.  Ол өһз сөзінде 2016 жылдан бастап Ұлт жоспарының 91- қадамы орындалуы барысында нәтижелердің дербес жауапкершілігін қамтамасыз ету үшін, мемлекеттік органның бірінші басшысымен және Президент Әкімшілігінің Басшысы, Премьер-Министрмен министрлер және әкімдер арасында жасалған меморандумдарда бекітілген түйінді нысаналы индикаторлар енгізілгенін атап өтті.

«2015 жылы 92- қадам аясында мемлекеттік бағдарламар саны 10-нан 8-ге дейін қысқарды, 5 үкіметтік бағдарлама бекітілді, жаңа мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды әзірлеуге қойылатын талаптар күшейтілді.

Мемлекеттік органдар қызметін нәтижелерге бағыттау мақсатында стратегиялық жоспар, аумақтарды дамыту бағдарламасы және бюджеттік бағдарламасы қайта пішімделді, сондай-ақ Республикалық бюджеттік комиссияның жұмысы өзгертілді.

93 қадамға сәйкес Мемлекеттік аппараттың жұмысын бағалау жүйесінің жаңа моделін енгізу көзделген.

2017 жылдан бастап сыртқы тәуелсіз бағалау институты енгізілуде, оның ішінде мемлекеттік органдардың жұмысын бағалау үшін қоғамдық кеңестер мен тәуелсіз сарапшыларды тартуды, бағалау нәтижелерін интернет-порталында жариялау, бағалаудың 5 бағытын 3 блокка дейін оңтайландыру көрсетіледі»,- деді вице-министр Әбілқасымова.

Қаржы министрінің орынбасары Татьяна Савельева «Бюджеттік шығыстардың тиімділігін арттыру», Инвистиция және даму вице-министрі Роман Скляр «2016 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің стратегиялық жоспарын және меморандумын іске асыру туралы»,- деген тақырыптарда  баяндама жасады.

 

«Өзгерістер мен толықтырулар негізінен Бюджет кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына енгізілді»,- деп сөз бастады Палатаның Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Омархан Өксікбаев.

«Заң мынадай бағыттар бойынша бюджет заңнамасына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қамтиды:

- министрлер мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері үшін түйінді индикаторларды бекіту;

- стратегиялық жоспар мен бюджеттік бағдарламалардың жаңа форматын енгізу;

- бюджет және оның орындалуы туралы есеп жобасын ұсыну форматын өзгерту;

- мемлекеттік органдардың дербестігін кеңейту және жауапкершілігін арттыру мақсатында (91.2- қадам) бюджетті атқару барысында мемлекеттік органдарға нысаналы трансферттердің және Ұлттық қордан қарыздар, гранттар, нысаналы трансферттердің есебінен қаржыландырылатын кіші бағдарламаларды қоспағанда, бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың жылдық көлемін өзгертпестен қаражатты дербес қайта бөлу құқығы берілді;

-5 институционалдық реформаны орындау бойынша 93.2-қадамды іске асыру мақсатында бұзушылықтардың жолын кесу үшін дерекқорды пайдалана отырып бақылаудың өзге нысаны ретінде камералды бақылау енгізу көзделді;

-заңнамаға сәйкес қарыз алушыға қатысты тездетілген оңалту рәсімдерін қолдану немесе оңалту рәсімдерін енгізу кезінде қарыз алушыны оңалту және банкроттыққа жол бермеу жөніндегі шараларды ұсыну мақсатында оңалту жоспарына сәйкес бюджет кредитін қайта құрылымдауды жүргізу ұсынылады;

- нысаналы ағымдағы трансферттердің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомаларын жоғары тұрған бюджетке қайтару тәртібі регламенттеледі;

- секвестрлеу жүргізу кезінде бюджеттік бағдарламалар шығыстарының басымдылығын ескеру үшін Бюджет кодексінде бюджет шығыстарын секвестрлеуді жүзеге асыру жөніндегі норма нақтыланады»,- деді депутат.

Қабылданған заң арқылы бюджеттік рәсімдерді жетілдіруге байланысты және нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингінің нәтижелері бойынша тиісті өзгерістер де енгізілген.  Атап айтқанда:

- Президент айқындайтын жауапты хатшының өкілеттіктерін атқаратын лауазымды тұлғаның мемлекеттік органның операциялық жоспарын бекітуі бойынша;

- Республикалық бюджет комиссиясының қарастыруына жататын бюджет шығыстарын ұлғайтуға немесе түсімдерін қысқартуға әкеп соғатын НҚА тізбесіне орталық мемлекеттік органдардың құқықтық қаулыларын қосу бойынша;

- мемлекеттік тапсырманы орындаушылардың жауапкершілігін белгілеу бойынша;

-    бюджеттік кредит беру рәсімдерін жетілдіру бөлігінде:

бюджет кредитін өтемегені және уақытында өтемегені үшін жауапкершілікті белгілеу бойынша;

бюджеттік бағдарламаларда көзделген мақсаттарға сәйкес бюджет кредитін мақсатты пайдалануды қамтамасыз ету бойынша түзетулер қабылданған.

Сонымен қатар депутат Заң мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелілігін арттыруға және жалпы бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін қамтамасыз етуге ықпал етіп жатқанын атап өтті.

Парламентшілермен бірге шараға Есеп комитетінің, үкіметтік емес ұйымдардың, Қазақстан салық төлеушілері ассоциациясының, ҚР аудиторлар палатасының, Қазақстан қаржыгерлері ассоциациясының және «Атамекен» ҚР кәсіпкерлері ұлттық  палатасының өкілдері қатысты.  

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі