Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
04.04.2017

Мәжілісте БҰҰ еліміздегі Даму Бағдарламасының Тұрақты өкілінің орынбасарымен кездесу болды


Астана, 4 сәуір. Мәжіліс Үй.

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған Палата депутаттары Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Даму Бағдарламасының Тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел ханыммен жүздесті.

Әңгіменің басты тақырыбы – БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаты болды. Соған орай дипломат БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстанға әзірлеген баяндамасымен таныстырды. Құжат экономика мен әлеуметтік саланың  басты бағыттарын қамтыған. Сонымен бірге елші БҰҰ Даму Бағдарламасы мен Мәжіліс Комитетінің болашағының өзара байланысына бірқатар бағыт сілтеді.

Алдын-ала әзірленген Баяндаманың таныстырылымына Мәжіліс депутаттары Ирина Аронова, Светлана Бычкова, Ирина Унжакова және Арман Қожахметов қатысып, мәселелердің заңнамалық аспектілеріне назар аударып, ой бөлісті.

Пікір алмасудың қорытындысы бойынша Комитет Төрағасы Мәулен Әшімбаев БҰҰ Даму Бағдарламасының депутаттарға заң шығару қызметіне көрсетілетін көмегіне ризашылық білдіріп, алдағы ынтымақтастық байланыстар жалғасатынына сенім артты.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі